Әлеумет

«Медиация күні» — ашық есік күнінің арқауы

Қазіргі таңда елімізде көптеген отбасыларда тұрмыстық мәселелер көп. Оның соңы дау-жанжалға ұласып жататыны да жасырын емес. Әсіресе жастардың ерте айырылысып кетуі, қаражаттың жетіспеуіне байланысты біреуді тонау, иә болмаса баладан бас тарту алимент төлету деген секілді жаға ұстататын жайттар жиі кездеседі. Оның соңы көп жағдайда – соттасумен аяқталады. Міне осы жағдайлардың алдын-алу үшін, яғни сотқа дейін апармай, өзара келісіп шешуге ықпал жасайтын «медиация» мамандары. Осы саладағы мамандар екі жаққа тегін ақыл-кеңестер беріп, барынша татуластыруға тырысып, дұрыс жолды көрсетеді.

Өткен жұмада осыған байланысты аудан орталығы мен ауылдық округтер «Медиация күні» республикалық акциясы аясында ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне сот, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және кәсіби емес медиаторлар мен село әкімдіктері жанындағы қоғамдық кеңес төрағалары қатысты. Шараның басты мақсаты — өңірімізде медиация қызметі саласын дамытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, медиация институтының шиеленістерді және дауларды шешудің әдісі ретінде насихаттау, медиаторлардың жергілікті мемлекеттік органдармен сондай-ақ, азаматтық институттармен өзара іс-әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету, тұрғындарға Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің жұмыстарын хабардар ету. Акция аясында кәсіби емес медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарға құқықтық кеңес берді. Сонымен қатар аудан орталығындағы тұрғындардан медиация институтының дамуына арналған сауалнамалар алынды.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

 

 

Басқа жаңалықтар