Мәдениет

«Біздің қолымыздан бәрі келеді!»

БІЗДІҢ БАЛАЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жуырда «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» ұйытқы болуымен өткізілген «Саналы азамат» бағытын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ облыстық «Біздің қолымыздан бәрі де келеді!» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көркемдік және сәндік қолданбалы өнері фестиваль-конкурсына біздің өңірден де мүмкіндігі шектеулі оқушыларымыз қатынасып, бірнеше жүлдемен оралды.

«Аспапта орындау» номинациясы бойынша бас жүлдені Ойыл қазақ орта мектебінің  оқушысы Айсұлтан Құспанов жеңіп алды. «Вокал» номинациясы бойынша Көсембай негізгі мектебінің оқушысы Жәнібек Әлімұлы ІІ дәрежелі дипломға ие болды. «Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнері» номинациясы бойынша ІІ дарежелі дипломмен Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің оқушысы Нұрислам Садық марапатталды. Осы номинация бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің оқушылары Аружан Бегалина, Аят Айдынғалиев, Райымбек Қожырбай марапатталды. Сапақкөл орта мектебінің окушысы Данияр Құдайберген мен Амангелді орта мектебінің оқушысы Мадина Есенқұлова, Ерхан Балтабай мақтау қағаздарына ие болды. Атап өтсек, оқушыларға ата-аналарымен бірге Ақтөбе қаласына баруға білім бөлімі тарапынан барлық жағдай жасалды.

Басқа жаңалықтар