Білім

«Жарқын болашақ»

Жуырда аудан орталығында «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері» номинациялары бойынша өткен «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына жалпы білім беру ошақтарынан 75 оқушы қатысып, байқаудан іріктеліп шыққан 7 жүлдегер облысқа жолдама алған болатын.

Осы орайда «Жарқын болашақ» қазақ тілі облыстық олимпиадасынан Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Ильнар Сабиржанов «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша ІІ орын, Абу Мансур Хаким «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша ІІІ орынды  иеленсе, Амангелді орта мектебінің оқушысы Рамазан Таңатов, Ш.Берсиев атындағы орта мектебінің оқушысы Сандуғаш Мәтжанова мақтау қағаздарымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар