Әлеумет

Электронды кезек-сапалы қызметтің кепілі

Қазіргі  ақпараттық технологияларды қолдану арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің аясы кеңейіп шалғай ауылдар игілігін көруде. Халықтың көп келетін жері, тұрғындарға үздіксіз қызмет көрсететін «Қазпочта» АҚ байланыс торабы сапалы қызмет көрсету мақсаттарын пайдаланып келеді. Банктерден несие алу үшін немесе салымшылар почта байланыс торабының қызметін пайдаланады. Қазір қалаға бармай-ақ кез келген құжатты рәсімдеуге болады. Төлемдердің барлығы осында жасалатындықтан, ұзынсонар кезектен бір босаған емес. Әсіресе зейнетақы, еңбекақы алатын уақыттарда адам қарасы көбейіп, кезектің соңы ұзарады. Бұрындары екі-ақ тереземен жұмыс істеп, уақыт қысқан тұрғындардың айқай-шуы басымдау болғанын ешкім ұмытпаған болар. Бірақ, қазір кезекті қысқартып жұмыс ауқымын кеңейтуі мақсатында кассалық кабиналардың саны көбейді. Тұтынушылар ақшаларын орталықтағы екі-үш жердегі банкоматтардан ала алады. Соның өзінде кезек күткендер әлі де жетіп артылады. Жақында тағы бір жағымды жаңалық тұрғындар элоктронды кезекке қол жеткізді. Мұнда кезектің алды, соңы деген болмайды. Талон арқылы әрбір келуші нөмір алып күтеді. Ол үшін жұрт күтетін арнайы орын жасақталған.  Бұл қандай жағдайда да нөпір кезектің тасқынын реттейді. «Қазпочта» АҚ Ойыл аудандық бөлімшесінің басшысы Рая Оралбаеваның айтуынша 2019 жылы бөлімше модернизациялаудан өтеді. Сәлемдемелер супермаркеті мен ақша айырбастау пункті ашылады. Сонымен қатар заңды тұлғаларға да осындай қызмет көрсететін бөлме жасақталмақ.

 

Басқа жаңалықтар