ӘлеуметБасты тақырып

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ТАРТУДЫҢ ЖОЛЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету, жұмыстың сапасын арттыру әрбір қызметшінің күнделікті міндеті. Осыған орай ауданымызда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі екінші рет ұйымдастырылып отыр. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы мәдениет және демалыс орталығында өткен жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев қатысып, жыл өткен сайын мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің а89,7 пайыз құрағанын жеткізді.

«Бір қиындығы электрондық қызметтермен толық қамту үшін интернет желісінің баяулығы кедергі келтіреді. Бірақ алдағы күндерде оның да мәселесі шешіледі. Біздің мемлекеттік қызметшілер үлкен жауапкершілікті алып отыр. Сапалы, нәтижелі қызметті одан әрі жалғастыруымыз керек» — деді.

Ауданымыздағы жәрмеңкеге арнайы қатысып мемлекеттік қызмет көрсетудің барысымен танысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Ислам Алпысбаев жәрмеңкеге қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша қызмет көрсету жәрмеңкесінің басты міндеті — электронды қызметтің ақпараттық деңгейін арттыру. Солардың ішінде ең сұранысқа ие салалар бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесіне 160  адам қатысып, өздеріне қажетті мәліметтерді алды. Соның ішінде 16 адам электронды түрде әртүрлі анықтамалар қызметін пайдаланды. 8 адамға электронды портал жөнінде түсінік берілді.

Жәрмеңкенің тағы бір мақсаты — жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Үкімет жұмысына бейімдеп, болашақ кадр мәселесін нығайту. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Ислам Алпысбаевтың қатысуымен аудан әкімі Дастан Сағыров аудандағы жастарға қабылдау өткізіп, олардың талабы мен тілегін, пікірі мен ұсынысын тыңдады.

Басқа жаңалықтар