ӘкімдікБасты тақырып

Жолдауды қолдаушылар көп

ЖУЫРДА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 5 ҚАЗАН КҮНІ БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖОЛДАҒАН «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» АТТЫ ЖОЛДАУЫН ХАЛЫҚҚА КЕҢІРЕК ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ӨКІЛДЕРІ АРНАЙЫ ІС-САПАРЫН САРАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫРДЫ.

Президент Жолдауын ауыл тұрғындарына ашық жеткізген ақпараттық-насихаттық топ өкілдері алдымен Саралжын ауылдық округіне қарасты Шиқұдық елді мекенінде, одан кейін округ орталығында және Ақкемер, Тайсойған елді мекендерінде болды. Онда округ әкімі Абат Мүбараков тұрғындарға ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің құрамымен таныстырып, қандайда бір ой-сауалдары мен ұсыныс-пікірлері болса ойларын еркін жеткізуге шақырды. Ал, ақпараттық-насихаттық топ өкілдері Жолдау аясында толыққанды тоқтала отырып, маңызды құжаттағы әр міндет пеліміздің өсіп өркендеу жолында айтылған бағыттарынан кеңірек мәлімет берді. Толығырақ тарқатсақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов әр ауылда тұрғындарды еңбек етуге үндеп, енжарлық танытпауға ақыл-кеңес берді. Қазіргідей мамыражай уақытта елге қызмет етіп, Тәуелсіздік тұғырында тұтастай ұлт болып болашаққа бірге қадам басуға шақырды. Келесі кезекте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақмарал Есбатырова Елбасымыз кәсіпкерлік ашуға ниетті азаматтарға мол мүмкіндік беріп отырғандығына көбірек тоқтала отырып, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасатынын, аталған бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алып, ауылдарда отырып-ақ қажетті кәсіп ашуға ұсыныс жасады. Сонымен бірге әр тұрғын әл-ауқатын арттыру үшін тынымсыз тер төгіп, мемлекеттің қолдау-көмектерін пайдану арқылы тқтаусыз еңбектену керектігін баса айтты. Одан кейін салық жүйесіндегі өзгерістерге тоқталған аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Майланов жеке табыс салығының 1 пайызға дейін төмендейтіндігін жеткізді. Ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің Жолдау аясындағы түсінік жұмыстарына қаныққан ауыл тұрғындары кездесу соңында сала басшыларына жекелей сауалдарын қойды. Осылайша бір күндерін Президент Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында түсінік жұмыстарына арнаған топ өкілдерімен бірге болған біздер де әр кездесу соңында әр саралжындықтардың Елбасы Жолдауына шексіз қолдау білдіргендерін аңғардық. Нақтырақ айтсақ, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, тұрмыс сапасын мен әл-ауқатын көтеру мақсатында жолданған Жолдау жалпыға бірдей жақсы әсерін тигізді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,

Ойыл-Шиқұдық-Саралжын-Ақкемер-Тайсойған-Ойыл.

Басқа жаңалықтар