Әлеумет

Су болса, ну болады!

Бір кездері ауданның жартысын сапалы мал азығымен қамтып келген «Тамдыкөл» суландыру жүйесі қараусыз қалып еді. Осыдан бес жыл бұрын қолға алынған еді. Алайда, ағын судың әртүрлі келуі кей жылдары жоспарды мерзімінен бұрын межелеуге мәжбүрледі.

Сондықтан, соңғы жылдары лекерлеп жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен ауданымыздағы дамбалардың көбісі биыл күрделі жөндеуден өтті. Өзен суын тиімді пайдаланып барлық жайылымдарға, шабындық жерлерге шығару үшін тоған жаппаларды қымтау керек. Осы мақсатта Ш.Берсиев атындағы, Көптоғай селолық округтеріндегі «Тамдыкөл» суландыру жүйесі күрделі жөндеуден өтті. «Элитстройсервис-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жүсіп Өміров бар жағдайды бақылап, жұмыстың уақытында бітуіне күш салды. Ол үшін екі топырақ тиейтін, бір арнайы эксковатормен басқа да техникалар үздіксіз жүріп тұрды. Сонау Кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген көтерме дамбалардың айналасы тазаланып, биіктеліп, тегістелді. Қазіргі таңда  «Тамдыкөл мен «Қиыл-Тассай» көлдетіп суландыру жүйесі 2019 жылдың көктемгі су тасқынына дайын. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе филиалы, Ойыл бөлімшесінің «Қиыл-Тассай» суландыру жүйесінің учаске бастығы Айдынғали Қоғабаевтың айтуынша 7 шақырымнан астам жер күрделі жөндеуден өткен. Биылдың өзінде 4 шлюз жаңартылды. Жалпы алғанда аудан аумағындағы тиісті 5200 гектар жерге көлдетіп суландыру жүйесі бойынша жұмыстар жасалды. Су мамандарының мәлімдеуінше алдағы уақытта алқаптарға су шығаруға алаңдауға негіз жоқ. Көктемгі судың қозғалысын реттеп, көлдерді суландыру үшін әр шлюздің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, азайтып-көбейтуге мүмкіндіктері бар.

Самат НАРЕГЕЕВ,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар