Білім

Ойылдың 22 оқушысы «21 ғасыр дарындылары»

Өткен аптаның басында Шымкент қаласында өткен «21 ғасыр дарындылары» атты конференцияға аудан бойынша Ойыл қазақ орта мектебі мен Ш.Бекмұхамбетова атындағы гимназия мектебінің оқушылары қатынасып жүлделі орындарға ие болып қайтты.

Толығырақ айта кетсек, 4-11 сынып оқушылары және студенттер арасында өткен жас ғалымдарға арналған Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Дегенмен бұл байқауға Ойыл мектептері бірінші рет қатынасқандарымен өзге облыстың жастарына иек тіресіп, білімдерінің деңгейін жоғары дәрежеде екендерін көрсете білді. Ойыл қазақ орта мектебінен тоғыз жоба қорғалып, нәтижесінде 1-ші орынмен 5 оқушы 2-ші орынмен 2 оқушы және сырттай 2 оқушы «Жас ғалым», «Жас зерттеуші» деген мадақтамамен оралса, ал Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары кубокпен қатар, 1-ші орынмен 1 оқушы, 2-ші орынмен 6 оқушы, 3-ші орынмен 12 оқушы және әртүрлі номинациялармен 3 оқушы марапатталды. Жалпы осы жарысқа оқушылар өздерінің ізденістерімен және жеткешілерінің көмегімен «Ойыл ауданы тұрғындарында жиі кездесетін тұқым қуалайтын аурулар, Ойылдың алма бағы, 80 жылдық сырын сақтаған қойын дәптер, Қарақаттың пайдасы, Туған өлкемнің тарихы, Свойства меда т.б» сынды тақырыптағы жобалар қорғалғаныдығын айта кетпекпіз. Осы тұста екі мектептің ұстаздары өздерінің жарыс туралы ойларын айта кетті. «Жалпы осы жарысқа барғанымызға өте қатты қуаныштымыз. Біздің оқушылар негізінен үлкен деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр. Дегенмен осы ғылыми жоба жарысында оқушылар өздерінің білімдерімен қарым-қабілеттерін өз күштерімен қорғап шықандығын мақтанышпен айта аламыз. Шымкент қаласы біздің оқушыларымызға ерекше әсер берді. Әсіресе хайуанаттар бағы оқушыларымызға керемет көңіл күй сыйлады. Осы тұста оқушыларымыздың ата-аналарына да рақметімізді айта кетпекпіз. Балаларды ұстаздарына сеніп, жолақыларын өз қалталарынан көтеріп қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарап жатқандарына. Оқушылармыздан алда әлі де тың жобаларды күтеміз» — дейді екі мектептің ұстаздары. Расымен де, «Білімдіге дүние жарық» демекші, барша оқушыларға білім көкжиегінде әлі талай самғауларыңызға тілектеспіз.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар