Әлеумет

«ZHAS PROJECT-тің» тағы бір жемісі

«ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жобасы аясында «Ойыл аудандық оңалту орталығы» атты жоба іске асырлып жатыр. Бұл жобаның басты мақсаты, мүмкіндігі шектеулі балаларды массажбен қамтамасыз ету. Расымен де, ауданымызда мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін массаж жоқ екені айқын.

Міне бұл жоба ата-аналар мен балалар үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар массаждан бөлек писихологиялық трингтер де жүргізілетіні туралы да айта кетпекпіз. «Жалпы бұл жобаны іске асыруды бұрынан ойға алып жүргенмін. Содан «ZHAS PROJECT» жобасына осындай жобаларды салып, қатысуға болатынын естідім де қасымдағылармен ақылдаса келе, «Ойыл аудандық оңалту орталығы» деп жобамен өтініш беріп көрдік. Нәтижесінде 1 миллион теңгені ұтып алдық. Қазіргі таңда осы жобаны іске асырудамыз. Әлі толыққанды болмасақ та, ең бастысы бөлмені жабдықтадық және кушетка, балаларға тренингке керек ойыншықтардың жарты бөлігін алып алдық. Енді келесі жарты ақшасына тоқ апаратын аламыз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы бұл жобаға қатысушылар Ақбота Қосжанова, Ақгүл Сұлтанова, Майгүл Ғұспанқызы. Біздер ең алдымен аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балаларды массажбен қамтамасыз етеміз. Дегенмен, жұмыс уақытымыз дүйсенбі мен жұма аралығы болғандықтан кейде қосымша сенбі күні де қабылдаймыз деп шештік. Бірақ үнемі емес, яғни ата-аналардың жұмыс уақытына байланысты баласын әкеле алмай қалған жағдайларда. Жалпы қолымыздан келгенше ата-аналарға өз қолғабысымызды тигізгіміз келеді. Енді осы «ZHAS PROJECT» жобасы туралы айта кетсем, бұл жастарға берілген тегін мүмкіндік. Қайтарымсыз ақша. Міне осының нәтижесінде өзіміз жобамен айналысып көріп жатырмыз. Сонымен қатар, аудандағы балапандарға көмек беріп, сәл де болса денсаулықтарының жақсаруына септігіміз тиіп жатса, оның өзі де үлкен қуаныш болар еді» — дейді осы жобаның лидері Айгүл Ғұспанқызы. Негізінде, Ойыл ауданына осындай жобалар қажет екені айтпасада белігілі.Себебі ата-аналар балаларын емдеу орталығына жиі апарауына қомақты қаражат пен бірге жолдың да ұзақтығы қолайсыздық тудыратыны рас. Сол себепті осындай емдеу орталықтары өзіміздің ауданымызда болса тиімді болар еді. Сөз соңын қорытындылай келе, «Ойыл аудандық оңалту орталығы» жобасына ата-аналар да дән риза болып осындай жобалардың көбеюіне ниет білдіруде.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар