Рухани жаңғыру

Тағзым мен насихат тағылымды міндет

Өткен аптада аудан әкімі Бұлбұл Күзембаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелердің ауданда жүзеге асырылуы туралы кеңейтілген жиын өтті. Алқалы жиынға аудандағы мемлекеттік органдар басшылары, ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары, мәдениет мекемелерінің басшылары, ауыл ақсақалдары, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Алдымен осы бағдарламалық мақаладан бастау алған«Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламаларының жүзеге асырылуы және 2018 жылғы атқарылатын нақты міндеттер туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Айдарбаев баяндады. Осы бағыттағы аудандағы жалпы жұмыстар мен алдағы міндеттерге шолу жасаған Мұратбай Болатұлының баяндамасын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ш.Жоламанова мен аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Тлепов толықтырды.

Әрине, кейбір ауылдарда әлі де мемлекеттік – жеке меншік әріптестікті дамыту баяу. Ал, кейбір мектептер «Түлек.кз» жобасына түлектерін түгендеп, толықтыра алмай отыр. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жүзеге асырылатын жобалары да әлі күнге дайын емес ауылдар бар.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Бұлбұл Бисембайқызы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ш.Жоламановаға аудан бойынша тарихи-мәдени және көрікті табиғат орындарының маршрутын жасақтап, оругтер мен елді-мекендерге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мен аудан көркем өнерпаздарының әлеуетін пайдаланып концерттік бағдарламалар ұйымдастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Ойыл ауданының қасиетті жерлерін насихаттайтын бейнематериалдарды дайындап, әлеуметтік желілер арқылы таратуды тапсырды. Ал, аудан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімін нақтылап, қайта жөндеу жүргізуді қажет ететін ескерткіштерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу де алдағы күннің міндеті.

Аудандық білім бөлімінің басшысына ауданда «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру үшін мектептер базасында аудандық музейдің филиалын ашу мүмкіндігін қарастырып, құнды жәдігерлер мен экспонанттарды толықтыруды қамтамасыз етсін. Жазғы демалыс лагерлерде оқушыларға ауданның тарихи-мәдени ескерткіштері, киелі жерлері мен өлке тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, әр мектеп жанынан қолөнер үйірмелері ашылып, оқушыларға темірден, мыстан, ағаштан, сүйектен бұйымдар жасау әдістерін үйретіп ауқымды жұмыстар жүргізу міндетін жүктеді.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жастар арасында ұлттық спорт түрлерін дамыту жобасын әзірлеп, ауыл жастары расындаұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастыруы керек.

Басқа жаңалықтар