Білім

Жерлестер жүлдемен оралды

Жуырда Ақтөбе қаласында «Қазақстан үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауы өтті. Оған біздің ауданнан да бірнеше өнерпаз оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындармен оралды. Бір қуанарлығы «Қазақстан үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауында үш бірдей оқушымыз оза шапты. Нақтырақ айтсақ, «Сәндік өнері» номинациясы бойынша қатысып, жоғары деңгейде көрсеткен өнері және білімі үшін Ойыл аудандық оқушылар үйінің оқушылары Еркебұлан Талғатұлы, Дилназ Абатқызы, Шұғыла Төремұратовалар I-дәрежелі лауреаты атанды. Сондай-ақ, «Қазақстан үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауының «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша қатысқан Ойыл аудандық оқушылар үйінің оқушысы Дариға Ғалымжанова жоғары деңгейде көрсеткен өнері және білімі үшін бас жүлдені жеңіп алды. Оған қоса Алматы қаласында өтетін «Жеті өнер» III халықаралық шығармашылық конкурс фестиваліне тегін қатысуға жолдама алды. «Қазақстан үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауындағы тағы бір қуантарлық жетістігіміз шәкірті ерекше өнерімен дараланып жеңімпаз аталғаны үшін «Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі Бекзат Әліпқалиев «Үздік тәлімгер» дипломымен марапатталды. Осылайша бір байқаудан бірнеше орын алып, ауданның мерейін асқақтатып қайтқан жерлертерімізге алғысымыз шексіз!

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар