Басты тақырыпРухани жаңғыру

Әр сала тойлаған әз Наурызға аурухана да айрықша атсалысты

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі .

Осы орайда аудандық аурухана ұжымы Ұлыстың ұлы күнін үлкен той-думанмен қарсы алды. Аурухананың алдына ағаш үй тігіліп, аурухана маңындағы көше тұрғындары мен айтулы саланың ардагерлеріне наурыз көже тартылып, сый-құрмет көрсетілді. Алдымен жиылған жұртшылыққа ерекше өнерлерін тарту еткен аудандық ауруханадағы әр бөлімшенің қызметкерлері беташар, тұсау кесу, бесікке салу сынды ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеді. Тарқатып айтсақ, хирургия бөлімі қызметкерлері «Қырғыз», терапия бөлімі қызметкерлерін «Тәжік», перзентхана бөлімі қызметкерлері «Өзбек» ұлтының билерін тарту етті. Осындай мерекеде «Айқаракөз» әнін шырқаған емхана меңгерушісі Күләнда Досованың өнерге деген құштарлығымен бірге керемет дауыс иесі екендігіне тәнті болдық. Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күнімен қатар келген Қыдыр ата жиылған көпшілікке ақ батасын берсе, аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев мерекемен құттықтады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар