Әлеумет

«Наурыз есім» — танымды толықтырған кеш

 

Наурыз – ежелгі «Көктің соны мерекесі, ырысы, сыйы бұйыратын, «сәт» деген сенімнен туындаған, ұлыс аталып, ғаламдық «Ұлы іс» ретінде мойындалған мереке. Сондықтан наурызда туғандарды халқымыз ерекше адамдар деп ұғып, сол айдың атын берген. Қазақ тарихында Наурызбай Құтпанұлы, Наурызбай Қасымұлы деген атақты батырлар, Алтын Орда да Наурыз атты хан болған.

Қыдыр атаның батасы даритын мезгілде дүниеге келген адамдар біздің ауданда баршылық. Ш.Берсиев атындағы аудандық өнер және өлкетану музейі кеше Наурыз айында туған жандар мен Наурыз есімі берілгендерді «Наурыз есім» атты мерекелік құттықтау шарасына шақырды. Музей директоры Балқия Рысбаева келгендерді өздері туған айдың мерекесімен құттықтап құрмет көрсетті. Мерекенің құрметіне мәдениет үйінің әншілері дәстүрлі әндерін арнады.

Қонақтар өз есімдерін қалай қойылғаны, кімдердің қойғаны жөнінде айып, аттарының тарихымен таныстырды. Одан кейін салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлық ұсынылды. Мұнда көнерген сөздер қайта жаңғырып, еске алынды. Айталық ұлттық тағамдардан жасалатын мипалау, сырбаз қарынбөрте, нарын, тұмаш секілді тағамдар еттен тараса, қаттама, пәтір, бөкпен атты тағамдар ұннан дайындалады. Сонымен қатар киіз үйдің көп айтылмайтын бөлігі сықырлауық, үй жиһазынан абажа, асадал, бөгіре жағылан, жозылардың аттары айтылды. Жиылғандарға одан басқа табақ тарту, төрт түліктерді пірі, жыл атаулары, ұлттық ойын, киім түрлерінен сұрақтар қойып қазақы біліктіліктерін сынады.

Музейдің атынан Наурызгүл Әбдіғалиева, Наурызбай Төреғалиев,  Наурызбек Нұрсұлтанов, Байеділов, Ғапуовтарға ерекше құрмет көрсетіліп,сыйлықтар берілді.

 

Басқа жаңалықтар