Әкімдік

Аудан әкімі ардагерлермен кездесті

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудандық орталықтандырылған кітапханада ардагерлермен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларына тоқталды. Сонымен бірге ардагерлердің ақыл-кеңестерін тыңдай отырып, еліміздің көркейіп, өсіп-өркендеуі үшін бірлесіп, ауызбіршілікте жұмыс жасауға шақырды.

Толығырақ тарқатсақ, ауылдың көркеюі, көгалдандыру жұмыстары мен селоның ішкі жолдарын асфальттау жөнінде және мал күтімі мен қысқы мал азығын осы кезден даярлап алу жөнінде көбірек айтты. Аудан басшысының алдағы жоспарларын құптап, жұмысына сәттілік тілеген ардагерлер бірнеше ұсыныстарын ортаға салды. Өтеген Сағатов мал өрісінің тарлығын қозғай отырып, ардагерлердің әр апта сайын аудан әкіміне шаба бермей қоғамда кейбір мәселелерді өзара талқылап, кеңес құратын арнайы ғимарат сұрады. Елдің бірлігі мен тыныштығы үшін әрдайым, әр сөзін түйіндеп сөйлеген өнегелі ақсақалдарымыздың бірі Қуаныш Әміров Қайыңды ауылдық округіне қарасты «Мұқан бөгетіндегі» кикілжіңнің алдын-алуға ұсыныс жасады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар