ӘкімдікБасты тақырып

Ауданға алғашқы сенаторлардың бірі келді

Өткен сенбіде ауданымызға мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев арнайы іссапарымен келді. Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары, еңбек ардагерлері және жастар қатынасты. Онда алдымен аудан басшысы Асқар Қайырғалиұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен және аудан халқының әл-ауқаты мен тыныс-тіршілігінен қысқаша мәлімет берді. Келесі ретте сөз алған «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары әлемнің 30-дан астам елінде болған, Қазақстан Республикасының алғашқы сенаторы Өмірзақ Озғанбайұлы «Ұлы даланың жеті қырына» тоқтала отырып, өмір тәжірибесінен сыр тарқатты. Сонымен бірге өткен тарих пен ертеңгі болашақ жөнінде сан-алуан ой-пікірлерімен бөлісті. «Көкжиек», «Күннің шығысындағы ғажайып ел», «Бата дарып, бақ қонсын» кітаптарындағы өнегелі, ұрпаққа мұра боп қаларлық шығармаларына тоқтала отырып, өз замандастарына бата беру тәртібі мен оның мағыналы сөздерін тілекпен жатастырмай дұрыс жолға қоюуды ескертті. Кездесу соңында аудан әкіміне ақ батасын берді. Салт-дәстүрден сырт айналмай сыйға сый көрсеткен біздің жерлестерімізде алыстан арылтып келіп, ел үшін еңселі сөздері мен рухтандырған «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевқа шапан жауып, тарихы сан ғасырдан тін тартатын киелі Көкжар өңірінің тарихы топтастырылған «Ойыл энциклопедиясын» сыйға тартты.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар