Әкімдік

Бестамақтың еселі қуанышы еңселі елдің куәсі

ӨТКЕН ЖҰМА КҮНІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ОЙЫЛ АУДАНЫНА КЕЛІП, АУДАН-ДАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ, АСЫЛТҰҚЫМДЫ МАЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІМЕН ТА-НЫСТЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, БИЫЛ ҒАНА БІЛІМ КҮНІН БҮКІЛ АУЫЛДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕГЕН ЖАҢА МЕК-ТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫНА БАС СҰ-ҒЫП, САРАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ БЕСТАМАҚ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗ-ДЕСТІ. ӨЙТКЕНІ, СОЛ КҮНІ ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЕҢ ШАЛҒАЙ АУЫ-ЛЫ БЕСТАМАҚТЫҢ ТҰРҒЫН-ДАРЫ ҮЛКЕН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ. АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН КЕЙІН АЛҒАШҚЫ БОЛЫП БЕСТАМАҚ АУЫЛЫНА ГАЗ ҚҰБЫРЫ ТАР-ТЫЛЫП, КӨГІЛДІР ОТЫН ХА-ЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ.


«Біткен істің басына» келген өңір басшысы Оңдасын Сейілұлы, «Қаз-ақстан Республикасының Прези-денті Қасым-Жомарт Тоқаев-тың өңірлердің инфрақұрылымын дамыту тапсырмасының облыста орындалып жатқанының куәсі. Елбасының сындарлы саясатының жемісі. Яғни, өркениеттің игілігі шалғай ауылдарға да жетті», — деп, тұрғындарды құттықтады.

— Бүгін Бестамақ ауылының тұрғындары үшін маңызды күн. Көгілдір отынымыз ауыл халқын қуанышқа бөлеп, әрбір тұрғынның үйлерін жылытуға мүмкіндік туып отыр. Елбасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, облысымыздың барлық елді мекен-дерін газбен қамту қолға алынып, жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Соның айғағы, міне, бүгінгі өздеріңіз куә болып отырған игілікті іс.
Бүгінгі таңда Ойыл ауданы тұр-ғындар санының 38,3 пайызы көгіл-дір отынмен қамтамасыз етілді. Іске қосылғалы тұрған газ тарату құбыры желісін тарту жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Бұған бюджет есебінен жалпы құны 1 миллиард 47 миллионнан астам теңге бөлінді. Аталған газ желісін тарту арқылы 40-қа жуық тұрғын үй мен мектеп, медпункт, ауылдық клуб секілді әлеуметтік нысандарды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Жуық арада әрбір үйге енетін көгілдір отынның жылуы тұрғын-дардың өмір сапасын жақсарта түсетіндігі анық. Газдың тартылуы ауылдың тұрмыс-тіршілігіне жаңа бір леп беріп, шағын және орта бизнестің, әлеуметтік нысандар-дың көптеп ашылуына өз септігін тигізетіні де анық.
Көгілдір отынның жылуы әр шаңыраққа құт-береке, мол ырыс пен ынтымақ әкелсін! Бүгінгі шара алдағы табысты, жемісті күндер-дің бастамасы болады деген сенім-демін, — деп осынау қуанышпен құттықтаған облыс әкімі артынша жұртшылықпен бірге қариялардың лебізін тыңдады. Алғашқы болып үйіне көгілдір отын құбырын жүргізген ауыл тұрғыны Балтабай Бисенов облыс басшысына жерлестерінің ыстық лебізін үлкен толқыныспен жеткізді. Бұл тұрғындардың осында көптеп шоғырлануына, жол бойын-дағы шағын шаруасын өркендетуге, жалпы жақсылыққа бастайтын игілік-ті іс екенін айта келе, ол облыс бас-шысын шаңырағынан дәм татуға шақырды.

Мерекелік құттықтаулардан соң, еңбек ардагері Нұрберген Берже-кенов пен көп балалы ана Майра Төребекова ауыл шетіндегі көгілдір отын құбырын ресми түрде іске қосты.

Сонымен қатар, ойылдықтар биыл өркениеттің тағы бір игілігіне қол жеткізгелі отыр. Ол — аудан орта-лығына жүргізіліп жатқан оптикалық талшықты байланыс жүйесі. Мектеп ауласында «Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының жергілікті байланыс техникалық торабының директоры Ғалымжан Сүйімбаев құрылыс барысы мен қамтылу аймағы туралы түсіндірді. Ал, байланыс саласының маман-дарына ауданды ғаламтор желі-леріне қосу жайын пысықтады.  «Заман игіліктерін тек әлеуметтік нысандарға қондырып қоймай, ауыл тұрғындарына да ұсыну қажет. Бұл — басты талап. Сосын мейлінше сапасы жоғары желілерді пайдала-ныңыздар», — деді Оңдасын Оразалин.

Өңір басшысы осы оқу жылында ашылған Тайсойған негізгі мектебіне материалдық-техникалық базасы-мен танысу барысында ғаламторды мейлінше жоғары жылдамдықта беру керектігін ескертіп, ұл-қыздардың алаңсыз білім алуы — басты мақсат екенін атап өтті.

Ал, ауылдың білім ордасы ғана емес, ажарлы мекеніне айналған сәулеті мен салтанаты жарасқан «су жаңа» мектепке Оңдасын Сейілұлы толық жабдығымен компьютер сыйлады. Мектептің ауласына шыр-ша ағашын отырғызды.

Облыс әкімі Саралжын ауылдық округіне қарасты Қоңырат елді мекеніндегі «Тәжібай-Агро» ЖШС жұмысымен де танысты. Асыл-тұқымды мүйізді ірі қара шаруа-шылығымен айналысатын серіктес-тіктің басшысы Абыл Сатаевтың айтуынша, иелікте 71 бас ангус тұқы-мының сиыры бар. Ал жұмысшы-лардың саны — 9. Сондай-ақ, шаруашылық аумағында аудандағы асылтұқымды малдардың көшпелі көрмесі өтіп, бұл іске ден қойған шаруалар мал басы, тыныс-тіршігілі туралы әңгімеледі. Оларды толған-дыратын басты мәселе — мал терісін өткізетін, оны соятын орын-ның болмауы. Іле-шала облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайға осы түйткіл бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы жайы, бұл саладағы түрлі сұрақтар көшпелі отырыс барысында қаралды. Оған басқарма басшылары, қаржы және ауыл шаруашылығы қорларының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Кез-десу барысында аудан әкімі Асқар Қазыбаев өңірдің өндірісінің өзегін құрап отырған мал шаруашылығы саласындағы міндеттер мен меже-лер туралы баяндады. Асқар Қайыр-ғалиұлы өзінің баяндамасында аудан-да 9976 жылқы, 36803 мүйізді ірі қара, 169316 қой-ешкі, 79 түйе барын айтып, жалпы саны 46 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 328 шаруа қожа-лығының жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ, «Еңбек», «Сыбаға», т.б. бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді. Жалпы, биыл ауыл шаруашылық саласына тартылатын инвестиция көлемі 200 миллион теңгеден асады деп күтілуде.

Кездесу соңында Оңдасын Сейілұлы мемлекеттік бағдарла-малардың игілігін көру, барлық жаңашылдықтарды оңтайлы пайда-лану арқылы шаруалардың табысқа жететінін тілге тиек етіп, оларға бұны өз деңгейінде түсіндіру сала маман-дарының міндеті екенін жеткізді.

Елбасының аграрлық секторды экономиканың драйвері ету туралы тапсырма бергені белгілі. Аталған тапсырманы орындау үшін Үкімет тарапынан да зор мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, облыстың мал шаруашылығы сала-сына осы жылы 5,7 миллиард теңге бөлініп, бүгінгі таңда оның 4 мил-лиард теңгесі игерілді. Ал субсидия 391 шаруашылыққа берілді. Шаруа-шылықтар тарапынан өтінімнің көптеп түсуіне байланысты біз өз тарапымыздан Ауыл шаруашылығы министрлігіне 5,9 миллиард теңге қосымша қаржыға бюджеттік өтінім бердік. Жалпы, осындай қолдау арқасында облыста мал шаруашылығында өндірілетін өнім, мал басы жыл санап өсіп келеді, — деген облыс әкімі жерді тиімді пайдаланып, мал азығын дайындау жұмыстарына айрықша көңіл бөлуді тапсырды.

Рас, аудандағы шаруашылық-тардың иелігіндегі мүйізді ірі қараның тауарлы түрлерінің, яғни асыл тұқымды малдардың үлес салмағы аз. Бұл туралы облыстық ауыл-шаруашылығы басқармасының бас-шысы Құсайын Сәрсенбай айта келе, шаруашылықтарды малдың тұқы-мына мән беруге шақырды. Ал, мемлекеттік бағдарламаларды орын-дауда ойылдық шаруалардың өзіндік үлестері бар. Алды 60-70 млн. тең-геден несие алып, өрісін кеңейтіп, даланың «төсін емуге» ұмтылып отырғандар көп.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі Гүлжанат Ерғазина шаруашылық басшыларына қаржы институттарының ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

 

Басқа жаңалықтар