Әлеумет

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тұрғындарға тиімді жоба

КЕШЕ АУДАНЫМЫЗҒА «ХАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН АРНАЙЫ МАМАНДАР КЕЛІП, ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ. ЕСКЕ САЛСАҚ, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС ОСЫДАН ТУРА ҮШ ЖЫЛ БҰРЫН ӨҢІРІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «ХАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» АТТЫ АУҚЫМДЫ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН.

Осы орайда «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында әлеуметтік мәселелер мен мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы талқыланып, аймақтағы бизнес ортаны дамыту бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев еліміздің кез-келген өңіріндегі халықты толғандыратын әлеуметтік тұрмыстық мәселелер мен өмір ағысында орын алып жатқан түйіткілдер аз еместігін айта отырып, ауданымызға келген арнайы топ құрамымен таныстырып, тұрғындарды осындай мүмкіндікті пайдаланып арнайы мамандардан қажетті кеңес алуға шақырды. Ал, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының өкілі Бақтыбай Мырзағарин аудан орталығына келгендегі басты мақсат «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында азаматтарды қабылдаумен қатар әлеуметтік мәселелерін шешу екендігін ашық жеткізді. Бұған дейінгі тәжірибеде өзін-өзі ақтаған жобаның қарапайым халық үшін тиімділігін түсіндірген Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және келісім кеңесінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетов жоба аясында атқарылу керек жұмыстарды жан-жақты қамтып, тұрғындарға көкейкесті сауалдарын қоюға ұсыныс жасады. Сонымен қатар алдағы жылы еліміздің денсаулық сақтау саласына енгізілгелі тұрған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жөнінде және атаулы әлеуметтік көмек бойынша толыққанды деректер мен мәліметтер берілді.
Айта кетсек аталған жоба бойынша арнайы ақпараттық-насихаттық топ өкілдері Ойыл аграрлық колледжінде де болып, студенттермен кездесті.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар