Әлеумет

Құтқарушылар күні

Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 24 жыл толып отыр. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан «Құтқарушылар күні» болып белгіленді.

 

 

 

Осы орайда өткен аптаның соңында «Тәуелсіздік 20 жылдығы» атындағы орталық саябақ алдында төтенше жағдай келең алған жағдайда адам жанынан апаттан сақтайтын құтқарушыларға арналған іс-шара өткізілді. Ашық аспан астында өткізілген іс-шара күштілерді сынға түсүрген сайыстармен ерекшеленді. Бұл шарада әдеттегі мәдени көпшілік шаралардағыдай ән айтылып, күй шертілмегенімен көпшілікті спорттық белсендігі жағынан тарта түсті. Расында аса шыдамдылықты қажет ететін саланың саңлақтары төтенше жағдай кезінде өздеріне тоқтау қоймай, тәуекелмен тер төгу керектігін көрсете білді. Оған арқау болған ептілік пен күштілікті қажет ететін гір тасын көтеру, көлік сүйреу, дөңгелек аудару ойындары. Бұл додаларда ширақ қимыл көрсеткен құтқарушылар бірінен-бірі қалыс қалмады. Нәтижесінде еңбектері еленіп, тынымсыз тер төккендері үшін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Айта кетсек, «Құтқарушылар күнінде» аудан орталығындағы мектеп оқушылары да айрықша атсалысты.

М.ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар