Әкімдік

Үш көшеге — үш тұлға

Кеше Ойыл селолық округінде селолық округ әкімі жанындағы қоғамдастық жиыны өтті. Кездесуде осыдан бір ай бұрынғы аудандық «Ойыл» газетінің 11 ақпан күнгі №6 санында жарық көрген хабарландыруға сәйкес, Ойыл селосындағы атаусыз көшелеріне атау беру туралы мәселе қаралды.

Яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы 2014 жылғы № 138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып, талқыланған мәселе де Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық онамастика комиссиясының ұсынысымен енгізілген «Тарихи атауларға» басымдық берілетінін аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қоғамдастық мүшелеріне жан-жақты түсіндірді. Сондықтан, Ойыл селосындағы үш атаусыз көшеге Әл-Фараби, Асан Қайғы, Халел Досмұхамбетұлының аттарын беру туралы тоқтамға келді.

Басқа жаңалықтар