Әкімдік

Басқосу шаралары кейінге шегеріледі

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев бастаған топ ауданның Шығанақ Берсиев атындағы және Саралжын, Қайыңды селолық округтеріне барып, тұрғындарға төтенше жағдай кезінде отбасылық қуаныш, мерекелік басқосу мен жоралғылар өткізуге тиым салынғандығын түсіндірді. Яғни, адамдардың жиналуына жол беруге болмайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының орынбасары Б.Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңының 31-і бабы тәртібіндегі үндеуін жеткізді. Ал, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ғарифолла Құбаев ауылдардағы азық-түлік дүкендерінің иелеріне санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды сақтау жолдары мен талаптарын түсіндірді.
Ауылдардағы таяу уақыттарда отбасылық қуаныштары мен жоралғыларын өткізгелі отырған отбасыларға арнайы барып түсіндірді. Төтенше жағдай уақытындағы заң талаптарына түсіністікпен қараған отбасы мүшелері жоралғылар мен қуанышты шараларды кейінге шегеруді ұйғарды.
Р.S
Сонымен қатар, Шығанақ Берсиев атындағы селолық округ әкімінің қолдауымен медициналық бетперде тігіп, тегін таратып жатқан шеберхананың жұмысымен танысты.

Басқа жаңалықтар