Білім

Үздік ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды

Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған.  Биыл пандемияға байланысты оқушылар алғашқы білім күнінде гүл шоқтарын алып ұстаздарымен жүздеспеді. Қоңырау сыңғыры онлайын сыңғырмен ұласты. Кранатин шараларына байланысты ұстаздардың қызметі екі есе күрделене түспек. Ұлттың ұйытқысы болар шәкірттерді тәрбиелеуде ұстардардың еңбегі әрқашан ерен. Осы орайда карантин талаптарын сақтай отырып Ойыл ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен –Білім күні мерекесіне орай  ұстаздарға арнайы марапаттар табыстады.  Шарада  Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Избагамбетова мен Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бақберген Мұқаметқали ұстаздарды білім күнімен құттықтап жылы лебіздерін білдіріп марапаттары мен арнайы сыйлықтарын табыс етті. Облыстық марапаттқа ие болған тұлғалар Гүлнар Бақтыгеррева — Саға мектеп-балабақшасы, Рүстем Сағынғалиев — Ж. Жүсібалиев орта мектебі, Қымбат Жами — «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы, Айжан Абдрешова — «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы, Гүлжазира Тотаева  — Ш.Бекмұхамбетова мектеп-гимназиясы, Ұлсекер Қарабатырова — Қаракемер мектеп-балабақшасы ұстаздарының еңбектері ескеріліп Құрмет грамоталары табысталды. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан  көп балалы ұстаздар еңбек жолы мен отбасын қатар алып жүргендері үшін ақшалай сыйақы мен марапаттарға ие болды. Олардың қатарында Ақмарал Таңатарова Ж. Жүсібалиев орта мектебі, Сакен Ибрашев Ш. Берсиев орта мектебі, Гүлайым Жұбатқанова Амангелді орта мектебі, Мерует Асылбекова Тайсойған негізгі мектебі, Эльвира Бақтыгереева Ақшатау ОМ, Нұрымжан Абылаев  Көсембай НМ, Жайдарман Дәулетқалиқызы, Ойыл қазақ орта мектебі,  Светлана Абдрахманова Сапақкөл ОМ, Мейрамгүл Асанғалиева Қарасу НМ, Гүлжанат Жұрымбаева Қаракемер МББ, Майгүл Нұрғазина  Жамбыл МББ.
Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын  мерекелерімен құттықтап еңбектеріне жеміс тілейміз.

Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар