Әлеумет

Енді «архивті шаң баспайды!»

Архивті сақтау, оны түгендеу, жаңа заман талабына сай жаңарту, өркениетті қоғамның үрдісіне айналып келеді. Мұрағаттар қоры адамның, қоғамның және мемлекеттің басқару қызметінің сенімді серігі, керек деректі дер кезінде жинақтап, ақпаратты сақтаушы, жеткізуші мекеме екені бәрімізге белгілі. Солардың бірі Ойыл аудандық мемлекеттік архивінде сақталған құжаттар — мұрағаттар дүниесіне елеулі, іргелі зерттеулер жүргізуге бағытталған қорларға бай. Бүгінде 1965 жылдан бастап сақталып келе жатқан құжаттар А3 формат көлемінде сканерленіп толықтай цифрландырылуда. Дана халқымыз «Құжатсыз архив жоқ, архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деп тегін айтпаса керек. Аудандағы архив бөлімінде ұзақ жылдар бойы сақталып келе жатқан құнды құжаттардың цифрландырылып, базаға енгізу арқылы кез-келген тұлғаның қажетті құжаттардың телнұсқасын электорнды түрде алу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі кезде ұлттық архив ісі жаңаша көзқарастар мен жаңаша бағыттарға бет бұрып келеді. Қазірдің өзінде барлық құжаттарды сканерден өткізу архив қызметкерлеріне үлкен міндет жүктеп отыр. Қыркүйек айында әкелінген А3 сканерімен олар бір күнде 100-200 бетті өткізуге мүмкіндік алғанын айтады. Қорда сақталған барлық құжаттарды 3 жылда цифрландырып базаға енгізу жоспарланған. Ойыл аудандық архив бөлімінің басшысы Асқар Пангереевтің айтуынша жаңадан әкелінген сканер тарихқа жалпы Ойыл өңірінің тарихына жаңа мүмкіндіктер сыйлап отырғанғандығын айтады. «Бізде қазіргі таңда 62 қор бар. Ооның 1562 іс-қағазын түгел сканерден өткізіп электронды нұсқасын шығаруды қолға алдық. Алғашқы жұмыстарды Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінен бастадық. Жалпы басқа округтерге қарағанда Қараталдан сұраныс көп түсетіндіктен алғашқы құжаттар легін осы елді-мекеннен бастадық. Бөлімде үш қызметкер тынбай еңбек етуде. Жоғарда аталып өткен бір күнде өткізілетін бетті тіпті 300-350  бетке дейін өткізіп дайындап жатырмыз»- дейді. «Жазу – қымбат, сырыңның тас қамалы, жазумен бектер елді басқарады» — деп X-ғасырда айтылған Жүсіп Баласағұнның сөзі, халықтың құжаттық жады – архивтерге тікелей байланысты, бүгінгі күні де өз мәнін жоймай керсінше жаңаша бағытқа бетбұрыс жасап келеді. Алдағы уақытта осы аталған А3 фарматтағы сканердің көмегімен базаға енгізілген құжаттарды Қазақстанның кез-кезгел түкпіріндегі қызығушылық білдірген адам көрсетілген ақпараттар арқылы хабарласып құжаттарды тез табуға мүмкіндік алғалы отыр. Мұрағаттық анықтама сұраған толассыз сұраныстар легі, мұрағаттардың оқу залдарындағы зерттеушілердің уақыттарын жоғалтуы, құжаттарды іздестіруде цифрландыруға көшуіміздің тиімді тұстары көп екендігін растай түседі.

Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар