ӘлеуметБасты тақырып

«Көкжар» — жаңа ғимарат, жаңа трактор

Ауданда ескі ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп заман талабына сай жабдықтау жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі «Ойыл аудандық тұрғын ұй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көкжар» коммуналдық мемлекеттік кәіпорыны. Бұған дейін мемеке қызметкерлері түрлі ғимараттарды жалға алып жұмыс жасап келген. Қазіргі таңда өз күштерімен  аудандағы ескі ғимараттың орнынан салған жылы ғимаратқа жайғасты.

 

 

 

Ғимаратты салуға өңір азаматта-рының қаржылай және құжат жағынан қолұшын беру арқылы жүзеге асқан. Құрылыс жұмыстарына жалпы құны 4 миллиондай қаржы жұмсалған. Мекеме Ойыл ауданымен қатар аймақтағы округтарды да ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіп отыр. Соның  ішінде биылғы жылдың өзінде Ақшатау, Қаракемер, Көсембай, Ақкемер сынды елдімекен халқын ауыз сумен қамтамасыз еткен. Бүгінде бұл  жұмыс орыннан 38 қызметкер өз нәпақаларын тауып отыр. Алдағы қытымыр қыстың қыспағынан шығу үшін ғимаратпен қатар техникалық құралдардың жағдайы жақсы болуы маңызды. Сол себептен мемлекет тарапынан мекемеге су жаңа FTZ — 92 маркалы трактор тарту етілді. Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ескі ғимараттың мекеме қызметкерлерінің күшімен толық жөндеуден өткізіп пайдаға жаратып жатқандықтарына дән ризашылығын білдірді. Сонымен қатар трактор кілтін табыс етті. Жылы, жайлы ғимаратқа кіріп жұмысшылармен кездесіп алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Ауданымызда Елім деп езіліп, Жұртым деп жұмылып қызмет ететін азаматтардың қарасының көптігін осы ғимараттың бой көтеруінен ақ аңғаруға болады. Таң қаларлығы мекеме құрлыс жұмыстарына арнайы құрлысшыларды жалдамай-ақ қызметкерлер өз күштерімен барлық құрлыс жұмыстарын сапалы түрде жасап шыққан. Бұл дегеніміз қызметкерлердің өз жұмысына деген шынайы сүйіспеншілігі екендігін аңғаруға болады. Мекеме директоры Галиакбар Билялдың айтуынша мемлекет тарапынан су жүйесіне бөлінетін ақшаның бірін де қозғамай тек ерікті азаматтардың қолдауымен бой көтерген ғимарат екен. «Мен бұл мекемеде жұмыс жасап келе жатқаныма 16 жыл болды. Бұған дейін осындай су жаңа ғимарат арман болған еді. Көп түкірсе көл деген рас екен ел азаматтарының қолдауымен, ескі ғимаратты жөндеп жайлы мекенге айналдырып алдық. Барлық қызметкерлер құрлыс жұмысына икемді болғандықтан да болар жоспарда болмаса да ғимаратың сыртын ішін мейлінше соңғы үлгіде жабдықтап жасап алуға тырыстық. Сонымен қатар биылғы жыл біз үшін табысты жыл болды жайлы ғимаратпен, FTZ — 92 тракторы және жұмысшыларға қажетті киімдер алдық. Алдағы уақытта күрделі техникаларды қойатын  орын салу жоспарда бар-дейді.

 Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар