Әлеумет

Біздің Темірболат — «Үздік волонтер»

Темірболат Шәутенов «Тәуелсіздік» құрдасы. «Ойыл газетінің» беттеушісі қызметін атқарады. Апта сайын шығатын газетті құрастыру өз мамандығын тиянақты меңгергендігінің жарқын көрінісі. Қоғамда болып жатқан кейбір олқылықтар оны қатты қынжылтады. Оның ұстанымы Тәуелсіз еліміздің мәңгілік жасауы үшін әр адам әділ, адал қызмет еткенін қалайды.
Сондықтан болар ол бір көрген адамға тұйық мінезді көрінгенімен жүрегі елім деп соғатын оның ақ қанат армандары да жетерлік. Әрдайым әлеуметтік көмекті қажет ететін жандарға қол ұшын созып, көмегін аяған емес. Еріктілер жылында ауданның бастамашыл жастарымен бірге «Рақым» қайырымдылық қорының құрылуына белсене атсалысқаны бізге аян. Ол, «Рақым» қорының мүшелерімен бірге аудан төңірегіндегі жалғызбасты қариялар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесіп ғана қоймай олардың алғысын алып келеді. Соның нәтижесінде жақында ғана белсенді өмірлік ұстанымы, әлеуметтік-маңызды қызметі және облыстағы еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық «Жыл волонтеры 2020» жастар сыйлығының «Birgemiz» ұлттық жобасының «Qamqor» бағытына қосқан үлесі үшін Темірболат Боранбайұлы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің марапатына ие болып, «Үздік волонтер» медалін тағып қайтты. Ат төбеліндей ұжымда абыройлы қызмет етіп келе жатқан Темірболат Боранбайұлын айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Жарайсың, Темірболат! Тек қана алға!

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар