Әлеумет

«Көкжар» КВН командасы үздік атанды

Жуырда Ақтөбе қаласында өткен «Геолог» мәдениет үйі директорының кубогы үшін көңілді тапқырлар лигасы өткен еді. Көңілді тапқырлар лигасында аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының талантты оқушылары «Көкжар» КВН командасы қатысып, үздік атанды. Әр әзілдерін өткір шеберлікпен жеткізген оқушыларымыз командалар арасында оза шауып, жүлделі І орынға және 20 000 тг ақшалай сертификатына ие болды. Оқушылардың жоғары дәрежеде өнер көсетуіне жетекшілік еткен Нұрболат Тлегеновтің де еңбегін айтпай кетуге болмас.

Басқа жаңалықтар