Білім

Жыр мүшайрасы – арқауы тәуелсіздік!

Өткен жұма күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін сөз өнері арқылы көрсете білу мақсатында «Тәуелсіздік-биігім» атты жыр мүшәйрасы өтті.

Жыр мүшәйрасына 14 пен 29 жас аралығындағы мектеп оқушылары, колледж студенттері, жас мамандар қатысты.
Мүшайраға қатысушы жастар Тәуелсіздік жайындағы жүректен шыққан жырларын қазылар назарына ұсынды. Жас ақындар жырларында еркіндік, азаттық, ынтымақ, бірлік, тәуелсіздік ұғымдарын мақтан ете отырып, патриоттық сезіммен жеткізе білді.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші сайыс «Тәуелсіздікті жырлаймын» өз шығармашылығынан өлең оқу бойынша бірінші орынды өзгелерден оқ бойы озық шыққан Ойыл қазақ орта мектебінің 10 класс оқушысы Бекасыл Серікбаев жеңіп алса, екінші орынға Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің белсенді жасы Мира Сәндіғалиева лайық деп танылды. Ш.Берсиев атындағы орта мектебінің 10 класс оқушысы Әсем Қайырбек үшінші орынға ие болды. Сондай – ақ, Тәуелсіздік, Отан туралы ақындардың өлеңдерін жатқа оқу сайысы бойынша  бірінші орынды Қараой ауылдық округінің белсенді жасы Аяна Рамазанова, екінші орынды Әсемгүл Өтемізқызы, үшінші орынды Зарина Дауылбайқызы иеленді. Сонымен қатар, басқа да қатысушы жастар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар