Әлеумет

Менің мамандығым-мақтанышым

«Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» демекші менің бала кездегі арманым полиция қызметкері атану болатын — дейді Ақтөбе облысы Ойыл ауданы полиция бөлімінің аға анықтаушысы полиция подполковнигі Ғалымжан Марал Ғалымжанқызы. Ол бала кезінде «Таудағы жаңғырық» атты қылмыстық оқиғалар туралы кітапты бірнеше қайтара қызығушылықпен оқып, полиция қызметкері қатарына өтіп, тергеуші болуды арман етіп, алдына мақсат еткен. Өзінің балалық арманының орындалуына көп көмегі тиген, өзіне әкедей болған Төреханов Өтеміс Меңдіғалиұлына алғысының шексіз екенін айтады. Сонымен қатар ішкі істер органдарында еңбек атқарған 25 жыл ішінде өндірісте болған сан түрлі қылмыстық істермен бетпе-бет келген М.Ғалымжанқызы тергеу қызметінің ең ауыр арқалаған жүгі-ар алдындағы адалдық, әр қылмыстық істің артында адам тағдыры тұрады, сондықтан қылмыстық істі тергеу кезінде адам тағдырына деген ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай, еліме қызмет ету басты міндетім деп білемін деп, өз мамандығын сүйетінін, мақтанышпен жеткізді.
Әйтсе де қызметімен қоса отбасының тыныс-тіршілігін қатар арқалайтын әйел қызметкердің жауапкершілік жүгі ауыр екені де белгілі.Алайда, өзінің 2001 жылы шаңырақ құрған өмірлік жары Жәнібек Айдынғалиұлы да полиция майоры, криминалист маманы болып жұмыс жасайды.Сондықтан ол жолдасы Маралдың жанын түсінеді. Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиеленуде.
ІІО саласында қызмет атқарудың қаншалықты қиын екендігін білсем де тұңғышым Жәнібекұлы Нұрбектің таңдауына қарсы болмадым, керісінше барынша қолдадым, балам 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Б.Бейсенов атындағы  Қарағанды академиясына оқуға түсіп, қәзіргі таңда 2-курс курсанты.Академияның «волейбол» командасының мүшесі және академия курсанттарының арасынан «знаменовец» ретінде таңдалып алынған курсанты деп, ата-ананың ізгі жолдарын жалғастырған баласына аналық ризашылығын білдіріп, мақтан ететінін қуанышты көңілмен білдірді.
Сөз арасында М.Ғалымжанқызы туған інісі Ғалымжанов Дархан Ғалымжанұлының 2000 жылдан бері Ойыл ауданы полиция бөлімінде қызмет атқарып келетінін, қәзіргі таңда полиция бөлімі бастығының орынбасары, шені-полиция майоры екенін, ал кіші інісі Махаев Асқар Ғалымжанұлы, күзет полиция бөлімінде қызмет атқарып, қәзіргі таңда дүниеден озғанын» айтып өтті.
Ғалымжан Марал Ғалымжанқызы 07 желтоқсан 1975 жылы Ойыл ауданы Сарбие ауылында дүниеге келген. 1995 жылдың қаңтар айында Ойыл аудандық ішкі істер бөліміне паспортистка қызметіне қабылданған.1995 жылдың маусым айында М.Ғ.Ғалымжан жасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспектор, 2007 жылы маусым айында аға анықтаушы болып тағайындалған.Қәзіргі таңда ішкі істер органы саласында 25 жыл еңбек етіп келеді.Еңбек жолында «Ойыл ауданы әкімі сыйлығының лауреаты» грамотасымен, ҚР ІІМ алғыс хаттарымен,  сертификаттарымен, 2-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен, ҚР Конститутциясының 25 жылдығына орай ҚР ПРезиденті Қ.Тоқаевтың төс белгісімен, тағы да басқадай марапаттарға ие болған.Қызметтік шені-подполковник.

Басқа жаңалықтар