Әлеумет

«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»

Жуырда Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында жас суретшілер байқауын өткізді.

 

 

 

Музей фойесінде ұйымдастырылған «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты сурет байқауына аудандық оқушылар үйінің «бейнелеу өнері» үйірмесінің мұғалімі А.Бисенбина жетекшілік ететін аудан орталығындағы үш мектептің жас суретшілері қатысты. Бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтап, сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу мақсатында жас буынды патриоттыққа тәрбиелеуді көздеген байқаудың қорытындысы бойынша Ойыл қазақ орта мектебінің 6 класс оқушысы Дильназ Ғалымжанова, екінші орынды Ойыл қазақ орта мектебінің 6 класс оқушысы Айсәуле Нұржауғанова, үшінші орынды Ойыл қазақ орта мектебінің 6 класс оқушысы Гүлнұр Жоныс иеленіп, қалған 7 суретші ынталандыру марапатына ие болды. Сондай-ақ суретшілер өз ойларын ашық жеткізе отырып, суреттің мазмұнына ерекше көңіл бөлгендігі жас буынның да жаңа санасының қалыптасқанын білдіреді.

Дулат ИСАБАЕВ,
Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері.

Басқа жаңалықтар