ӘкімдікБасты тақырып

«Жібек жолы» бастауыш партия ұйымына жаңа төраға сайланды

«Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі қаралған бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы Сәндібек Нұрбаев баяндама жасады. Негізінен бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары баяндалды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам денсаулығы, елдің татулығы мен қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен ынтымақтылығы. Сол себепті «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымы да өз бағытында міндеттелген жұмыстарды ынтымақпен жұмыла атқаруда. Барлық салалар бойынша нақты мақсаттарды, міндеттерді, қол жеткізу көрсеткіш индикаторларын айқындай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыттары депутаттардың ерекше бақылауында. Барлық  БПҰ төрағаларының алдарында бірінші кезекте тұрған мәселелер, елді мекендерде жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, көшелерді жарықтандыру, ауыз су тарту, табиғи газбен қамтемелеу, мектеп ғимараттарын жөндеу және басқа да әлеуметтік мәселелері тұр.
Бүгінгі күні тұрғындар тарапынан сауалдар қойылып, «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымы бірқатар сауалдардың оңды шешуіне ықпал етті. Мәселен

  • Пандемия кезінде «Біз біргеміз» акциясы аясында ауданның әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 40 әлеуметтік пакет берілді.
  • «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында, қарттар күні, жаңажыл қарсаңында үнемі дәрігерлер үйлеріне барып, медициналық тексерістен өткізіп, тиісті ем-домдарын жасап тұрады. Сондай-ақ, қартар күні қарсаңында 140 мың көлемінде сый-сияпат берілді.
  • «Біз біргеміз» акциясы аясында медицина қызметкерлерінің денсаулық жағдайына байланысты 50 мың көлемінде екі адамға көмек көрсетілсе, пандемия кезінде атсалысқан мамандарға 100 мың көлемінде қолдау көрсетілді.
  • Ойыл селосының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасы Сағынбеков Самалға – 50 мың әлеуметтік пакет берілді.
  • «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында, аурухана ғимаратының алдына пандус жасақталып, мүмкіндігі шектеулі жандарды бөлек қабылдау кабинеті жасақталған. Сонымен қатар, Жеңісұлы Байрамға медициналық диагностикадан өтуі үшін ақшалай көмек көрсетілді.
  1. «Мемлекетіміздің болашағы – жастар», жастарға үнемі қолдау мақсатында «қазақ жастары» бағдарламасы аясында жас мамандарға бір жолдық жәрдемақы мен тұрғын үй алуына көмек көрсетіліп келеді. Аудандық аурухана бойынша бүгінде 6 жас маманға,  әр маманға 291 мың біржолдық жәрдемақы алса,   5 маман тұрғын үймен қамтемеленді.
  1. Ауыл тұрғыны Төленова Асылға тұрмыстық қажеттілігіне орай, 160 мың көлемінде құрылыс материалдарын алуға көмек көрсетілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Сонымен қатар денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектігі және әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды. Оның басты себебі бізге мәлім. Пандемияның өршіген уақытында өз өмірін қауіпке тігіп, алдыңғы шепте ауыр дертпен күрескен де осы ақ халатты жандар еді.
Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған өзекті мәселе адам денсаулығы екені бәріне аян. Осы орайда, 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» қарсаңында желтоқсан көшесінің бойынан адам жанына араша болып жүрген ақ қалатты абзал жандардың құрметіне арналған «Денсаулық аллеясы» ашылды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аудандық аурухана ұжымы бірауыздан біркүндік жалақыларын бөліп, барлығы 4 миллион теңгеге аталған аллеяның бой көтеруіне ат салысты.
Бастауыш партия ұйымының әр бір мүшесі өздерінің төл міндеттерімен қатар демеушілік, қамқоршылық іс-шараларға белсене қатысады. Әр жаңа жылда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап «Жаңа жылдық сыйлық»  беріледі. Сонымен қатар, 2020 жылы ауданымызда медицина қызметкерлерінің қолдауымен әлеуметтік нысан «Денсаулық аллеясын» бой көтерді. Аудандық аурухана медицина қызметкерлері демеушілік білдіріп, бір күндік жалақыларын беріп, нысанның бой көтеруі мен  аббаттандыруға атсалысты.
Онлайн кездесуде күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша, партия мүшелерінің дауыс беруі арқылы бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Айгерім Қазиева сайланды.Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының кезекті XL есеп беру-сайлау конференциясына бастауыш партия ұйымынан делегаттар сайланды.

Венера Асқарқызы,
 «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы, Консультанты.

Басқа жаңалықтар