Әкімдік

Кемерде өзен жағалаулары тазартылды

«Таза  Қазақстан» акциясы аясында Саралжын ауылдық округінде әр апта сайын «Таза  бейсенбі» күндері ұйымдастырылып келеді.  Саралжын ауылдық округінің барлық көшелері тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ, тұрғындарға үйлерін әктеу, қоршауларын жөндеу, сырлау жұмыстары ескертілді. Айта кетсек, Қиыл  өзенінің көпір маңы мен Қойбағар көпірі аралығы тазартылды. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері  атсалысты. Тазалық  жұмыстарына 3 трактор, 6 жеңіл  автокөлік, 150 адам қатысып, 100 тоннаға жуық күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. Кемер ауылының орталық саябағы тазаланып, сырлау әктеу жұмыстары жүргізілді. Президентіміздің «Жасыл аймақ құру» тапсырмасын орындау аясында Кемер ауылының кіреберіс жолының  екі жақ  бетіне 0,77 га  аумаққа су тартылып, 1500 түп тал  отырғызылды. Сонымен қатар көктемгі тазалық айлығына байланысты Саралжын ауылдық округіне қарасты Ақкемер, Бестамақ, Шиқұдық  елді мекендерінде де ауылды абаттандыру, тазалық акциялары өткізілуде.

Басқа жаңалықтар