Басты тақырып

Зұлмат жылдар зардабы ұрпақ жадында

Қазақ тарихындағы қаралы жылдардың бірі өткен ғасырдың отызыншы жылдары халық жауларын анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті. Осы кезең аралығында елімізде 109 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген.
Сол бір зобалаң жылдары біздің өңірден 316 адам ату, айдау жазаларына кесілген.
31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Бұл күн тарих бетінде қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған алаш ұлдарын көкіректі қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн болып мәңгі есте сақталады. Тарих бетіне өшпес таңба болып түскен ақтаңдақтар ақиқатын бүгінгі буын жадынан шығармай бабалар рухына тағзым ету басты парыз.
Осы орайда кеше аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы бастаған ауданның бірқатар ардагерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Коронавирус пандемиясына байланысты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өткізілмеді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар