Басты тақырыпДенсаулық

Құтты болсын мейрамың, асыл жандар!

МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ АДАМ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ. АЛ, ӘРБІРІМІЗДІҢ АМАН-САУЛЫҒЫМЫЗДЫБАҚЫЛАЙТЫН АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР. ДӘРІГЕР БОЛУ ҮШІН БЕЙІМДІЛІК, ИКЕМДІЛІК, ҚАБІЛЕТТІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ АЗДЫҚ ЕТЕДІ. ДӘРІГЕРДІҢ  СОНДАЙ-АҚ, НАУҚАС  АДАМНЫҢ СЕНІМІН АЛА БІЛУІ, ОЛ АДАМДЫ ӨЗІНІҢ АУРУЫМЕН КҮРЕСТІРЕ БІЛУІ МАҢЫЗДЫ.

Осы орайда өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері мерекесіне орай мерекелік шара өтті. Ауыр дертке шалдыққан әрбір адамға қолдау білдіріп, адам өміріне араша түсіп жүрген жандарға арналған мәдени шарада ауданның ақ халатты абзал жандары алғыс пен марапатқа кенелді. Әрбір медицина қызметкерлері мерекелік марапаттан кенде қалмады. Айтулы шараға арнайы қатысып, «Дәрігер науқасты сырқатынан арылтушы ғана емес, ол дер кезінде күш беретін, етеңгі күніне сендіретін болашағына батыл қадам жасауға ықпал етуші құдіретті күш иесі. Гипократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын асқан шеберліктің иесі, адам жанының арашасы болып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше мән беріп келеді. Себебі қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда елімізде жылдан жылға аталмыш саланы қаржыландыру көлемі артып, денсаулық сақтау саласын дамыту тұрғындарға заманауи қол жетімді және медициналық қызмет көрсету жолында барлық мүмкіндіктер жасалуда. Сондықтан осы күнді адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін, дәрігерлер мен мейірбикелердің ерен еңбегінің дүйім жұртшылықпен бағаланатын күн деп айтуға болады.»деп барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев ауданның ақ халатты абзал жандарына арнайы алғыс хаттарын табыстады. Одан кейін науқастарға медицналық көмек көрсетудегі рақым, жақсылық және кәсіпқойлығы үшін аудандық орталық аурухананың күндізгі стационар мейірбикесі Гаухар Асаубаева мен Манар Баймуханова «Мейірім» төс белгісімен марапатталды. Әрі қарай ауданның денсаулық сақтау саласына кеңірек тоқталған Ойыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері бірқатар тәжірибелі дәрігерлер мен мейірбикелер омырауына «COVID-19» пандемиясы кезінде қажырлы еңбегі үшін медалін тақты. Әрі қарай Дүниежүзілік мейірбикелер күніне орай «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының алғыс хаты Рита Майлановаға берілсе, Облыстық кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткен байқауда Ең провизор» номинациясымен Клара Кадирова марапатталды. Оған қоса әрбір мекемелерден алғыс хаттарын алған дәрігерлер арасында Ойыл аудандық емхана меңгерушісі, эндокринолог дәрігері Күләнде Досова «Ең үздік дәрігер» атанды.
Ақ халатты абзал жандарға алғыс пен құрмет арналған кешке аудан өнерпаздары әсем әндерімен үн қосты.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар