Спорт

Спорт — қамқорлықтың демеушісі

Өткен демалыс күні ауданда салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде ««Ансар» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі және Ойыл  аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қала және аудан командаларының арасында футболдан Ойыл мешітінің қайырымдылық турнирі өтті.
Жарыс барысында жиналған қаржыдан Байрам Жеңісұлы баламыздың еміне 100 мың теңге берілді. Қайырымдылық турнирі негізінде өткен додада Ақтөбе қаласының «Қамқор» командасы І орын, Ойыл ауданының «Қайрат» командасы ІІ орын, «Көкжар» командасы ІІІ орынға ие болды. Қосымша тағы ойыншыларға «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» және «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша арнаулы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарға демеуші болған  @foodpoit_uil асхана желісіне алғыс білдіреміз! Қайырымдылық футболына қолдау білдірген әр жанға Алла Тағала сауаптан жазсын!

Басқа жаңалықтар