Спорт

Мерекелік тарту Бейбіттің қол медалы

1-9 наурыз аралығында Шымкент қаласында күрес түрлерінен (грек-рим, еркін және әйелдер күресі) U15 және U20 жас аралығында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа Ақтөбе облысы бойынша 20 спортшы, Ойыл ауданынан 2 оқушымыз  Бейбіт Қажымұқанқызы мен Күнсұлу Нұржанова Ақтөбе облысы құрама командасының атынан қатынасып келді. Чемпионатта  Қазақстан Республикасы облыстарынан 17 командадан 250-ге жуық жас спортшылар өздерінің бақтарын сынады. Нәтижесінде  Бейбіт Қажымұқанқызы 50 кг салмақ дәрежесінде 21 палуанның арасынан үздік шығып, финалда Батыс Қазақстан облысының спортшысын жеңіп, Қазақстан Республикасы чемпионатының қол жүлдегері атанып, спорт шеберлігіне үміткер спорттық атағын орындады.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданға қола медаль сыйлап, жүлделі орынға ие болған Бейбітті, жаттықтырушысы, ауданның спортшы ардагері Құнанбай Тұрашұлын және ата-анасын жеңісімен құттықтай отырып, ауданның мәртебесін биік тұғырға көтере берулеріне тілектестік білдіреміз.

Г.Таңжарбайқызы,
БЖСМ әдіскері.

Басқа жаңалықтар