Әлеумет

Тасқын судың залалы мен алдағы жұмыстың амалы

Өткен аптада ауданға облыстық мәслихаттың депутаты, жерлесіміз Талғат Салфиков бастаған арнайы топ келді. Топ құрамында қоғамдық кеңес мүшелері мен облыстық мәслихаттың депутаты Жұлдыз Қожабекова және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр болды.

Алдымен Ш.Берсиев атындағы ауылдық округіне ат басын тіреген олар ауыл тұрғындарымен кездесті. Көктемгі су тасқыны салдарынан жарақсыз болған жол учаскесінің жай-күйін қарап, алдағы уақытта қалпына келтіру жұмыстары бойынша атқарылатын шараларды талқылады.
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінен кейін депутаттар мен қоғамдық Кеңес мүшелері болып аудан орталығына келді. Мұнда аудандық аурухананың жұмысымен танысты.Әрі қарай жұмыс сапары Көптоғай ауылдық округінде жалғасып, жаңа әкімдік ғимаратын салу, ауылдық клубқа күрделі жөңдеу өткізу және Құрман дәрігерлік амбулаториясы құрылысын бастау бойынша жұмыстарды талқылады.

Басқа жаңалықтар