Мәдениет

«Тарих қазынасында» өткен тартымды кездесу

18-ші мамыр - тарихи-мәдени мұралардың ошағы саналатын музей күні.  Осы орайда Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің ұйымдастыруымен «Музей- тарих қазынасы» атты салтанатты апталықтың ашылу шарасы өтті.

Айтулы шараға мәдени сала қызметкерлері, тарихшылар және ел ағалары қатысып, мұражай қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, бірнеше құнды жәдігерлер мұражайға табыс етілді. Өз кезегінде аудандық өнер және тарихи өлкетану музейінің директоры Балқия Рысбаева мұражайға тарихи жәдігерлер сыйлаймын деген кез-келген азаматтарға аудандық өлкетану мұражайының есігі қашанда ашық екенін атап өтті. Шара барысында аудандық мұражайға ерекше үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар алғыс хатпен марапатталды. Тарқатып айтсақ, өлке тарихының алтын қазынасын, биік руханиятын, озық мәдениетін танытудағы музей қорын құнды жәдігерлермен толықтыруда белсенділігі үшін Айжан Айжарыққызы, Ира Айсақызы, музей ұйымдастырған іс-шаралар барысында қолдау көрсетіп, жанашырлығы үшін Лиза Қанатқызы, Люба Хамитқызы марапатталды. Сонымен қатар «Үздік жәдігер тапсырушы» номинациясы бойынша «Замандас» аналар клубының мүшесі Зауреш Молдашова, «Мәдени – шараға үздік қатынасушы» номинациясы бойынша Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айдана Аманжолқызы, «Әлеуметтік желідегі үздік қолдаушы» номинациясымен Мерген Айдаров, «Музейдің  ғылыми жұмыстарының белсенді қолдаушысы» номинациясы бойынша Нұрлан Нұрымжанұлы, «Музей волонтері» номинациясы бойынша Ш.Берсиев атындағы орта мектептің  өлкетану үйірмесінің жетекшісі Сәкен Базарғалиұлы, өлке тарихының алтын қазынасын, биік руханиятын, озық  мәдениетін танытуда Ойыл ауданының табиғи, тарихи- ескерткіштерін  QR- код арқылы көретін электронды карта жасақтауда әріптестік  қолдау білдіріп,  белсенділік танытқаны үшін «Тарихи -мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ-нің археология және қала құрылысы ескерткіштерін қорғау бөлімінің меңгерушісі Берік Абайұлына Алғыс хат табысталды.

Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар