Мәдениет

Биылғы білімнің межесі

2021-2022 оқу жылын ауданда орналасқан 23 мектепке - 3406 оқушы тартылып, оқу жылын - 3380 оқушы аяқтап отыр. Негізгі мектеп курсын 301 оқушы бітірсе, соның 42-сі «Негізгі орта білім туралы «Үздік аттестат» үміткер бар. 2022 жылы 13 орта мектепті барлығы - 162 оқушы аяқтаса, ҰБТ нысанына - 120 оқушы қатынасуға тілек білдіріп отыр. Бұл барлық оқушылардың – 74,0%. 2021-2022  оқу жылын - 696 оқушы үздік (20,8%) . 11 класс оқушылары арасынан «Алтын белгі» аттестатына - 20 оқушы, Ерекше үлгідегі  «Үздік аттестатқа» 9 оқушы үміткер ретінде тіркелді.

2021-2022 оқу жылы бойынша ауданымыздың дарынды балалары облыстық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жарыстар, шығармашылық байқауларға қатысудан үздіктер қатарында. Биылғы оқу жылында аталған шараларға 380 оқушы қатысып, оның 210-і (58 %) жүлдегер атанды. «Qazaq Epos» қоғамдық қоры ұйымдастарған «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңіне ауданымыздан 3 оқушы қатысып, Сапақкөл ОМ 8-сынып оқушысы Әсел Тоғызбаева жүлделі ІІ орынға және 350 000 теңге сертификатына ие болды. Жыр байқауына дайындаған мұғалімі Рахима Абдрахманова 700 000 теңге сертификатын алды.

Түркістан қаласында өткен республикалық «Яссауитану» білім байқауынан Құрман орта мектебінің оқушысы Әсем Сисенова жүлделі ІІІ орын, Щучье қаласында өткен «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының конкурсының республикалық кезеңінен Құрман орта мектебінің оқушысы Әлім Мұстахим мақтау қағазын иеленді. Ойыл қазақ орта мектебінің оқушысы Дәулет Алтыбаев 5-6 класс оқушылары арасында өткен олимпиаданың облыстық кезеңінен І орын, республикадан мақтау қағазымен марапатталды.

Павлодар қаласында өткен республикалық Мәшһүр – Жүсіп оқуларына қатысқан Көсембай негізгі мектебінің оқушысы Динара Қырықбаева жүлделі ІІІ орынға ие болды. Өскемен қаласында өткен «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысқан Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі Шұға Жұбанова жүлделі ІІ орынмен, Алматы қаласында өткен «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында өз авторлық жұмысын көрсетіп Ш.Бекмұхамбетова  атындағы мектеп – гимназиясының «Жас археолог» үйірмесінің жетекшісі Медет Құлмұханов жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

P.S. 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа 350 оқушы білім алады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 2022 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін  1 сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатыр.

Гүлмира Садақбаева,
Ойыл аудандық білім бөлімінің жалпыға орта міндетті білім беру жөніндегі бас маманы.

Басқа жаңалықтар