Басты тақырыпДенсаулықМәдениет

«Birge – taza Qazaqstan»

Сенбілік қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Аудандағы барлық еңбек ұжымдары, мекемелер мен ұйымдар көше тазалығын өз ауласынан бастап, туған жерінің көркеюіне өзіндік үлестерін қосуда.
Осы орайда сенбі күні Ойыл ауданының білім бөлімінің ұжымы, білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, аудан орталығындағы мекемелер «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясына үлес қосу мақсатында мекемелерінің аумағына,  іші-сыртына, ауласына, бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Айта кету керек өткізілген сенбілікке 165 адам қатысып, 7 техника жұмылдырылып, барлығы — 110 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы қоқыс қалдықтарын тастайтын орындарға жеткізілді. Жалпы аудан көлемінде ұйымшылдықпен өткен тазалық акциясы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ауданның көрікті болуын қалайтын әр адам бұл іске үлес қосуы тиіс. Қоғам тазалығын сақтау -бүгінгі күннің басты талабы және баршамызға ортақ іс.

Басқа жаңалықтар