ӘкімдікБасты тақырыпМәдениет

«АСҚАҚТАЙ БЕР,

АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚСТАН!»

Өткен сенбі Мәдениет үйінде 25 қазан — Қазақстан Республикасы күніне арналған «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты салтанатты шара өтті. Он үш жылдан кейін мәртебесі қайтарылған ұлық мерекенің құрметіне қойылған концерттік бағдарламадағы алғысөз аудан әкімі Асқар Қазыбаевқа берілді. Ауданымыз бойынша осы жылы атқарылған іргелі істермен, жеткен жетістіктер аталып өтілген мазмұнды баяндамадан соң аудан әкімі ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосып, тынымсыз еңбектерімен ерекшеленген ардагерлер мен өз қызметтерінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хатымен қоғамның жаңа келбетін қалыптастыруға қосып жүрген зор үлесі үшін жеке кәсіпкер Сапура Мырзағалиева, облыстық мәслихат хатшысы Аманғали Нұғмановтың алғыс хатымен Ойыл аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Серік Сармұханов, «АМАNAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин марапатталды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұловтың алғыс хатымен «Еңсеген» аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің басшысы Абат Еңсегенов, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының Алғыс хатымен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Ақтөбе Өндірістік Филиалы Ойыл газ шауашылығы бақылаушысы Манар Базарова, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың Алғыс хатымен Ш.Берсиев атындағы өнер жіне өлке тарихы музейінің директоры Балқия Рысбаева марапатталды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Алтынай Юнисованың алғыс хаты «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының меңгерушісі Айсұлу Мәмбетова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың Алғыс хатымен бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Базарбаевға берілді. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқаны үшін бір топ еңбек ардагеріне «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты. Одан кейін бірқатар қызметкерге өз саласында қажырлы еңбегі үшін өз алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шарада көршілес Қобда ауданынан балалар өнер мектебінің «Кең дала» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, халықты рухани шығармаларымен сусындатты. Айтулы шара әрі қарай аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар