Басты тақырыпМәдениетРухани жаңғыруСұхбат

Шернияз ақын арналған кездесу

Жастардың танымын кеңейтті

Кіші жүзге аты мәлім Шернияз Жарылғасұлы Ойыл ауданы, Жарыпшыққан өзен бойын мекендеген Кете Жарылғастың шаңырағында дүниеге келген. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі шағын дәулетті, еті тірі ел ағасы болған.
Шернияз жастық шағында ел өмірін, халық  тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген он бес жасынан бастап ділмар шері атанған, адайдың атақты ақыны Абылдан бата алып, Қашаған ақынмен кездесіп сөз қағыстырған. Исатай мен Махамбет көтерілісіне саналы түрде қатынасып, өз заманының хан алдында сыншыл, турашыл ақыны атанған. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш ғалымы Халел Досмұхамедұлы мен белгілі жазушы, драматург, аудармашы — Берқайыр Аманшиннің жазба деректері арқылы халық жадында мәңгі сақталып, қазіргі таңға дейін жеткен тарихи тұлға — Шернияз Жарылғасұлының туғанына 1254 жыл толуына арналған тарихи–танымдық шараны Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі тарих залында «Ата жұрттық шежіресі киелі де, қастерлі» атты кездесу кеш ұйымдастырды. Шараға мәдениет саласының ардагері және Шернияз өлендерін насихаттаушы Амангелді Жұманов пен оның шәкірті, аудандық мәдениет үйінің термешісі Алтынбек Шотов және аудандық мұрағаттың меңгерушісі Асқар Пангереевтер қатысты. Шараға арнайы шақырылған Ойыл қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушылары ақынға өз арнауларын арнады. Музей қызметкерлері қонақтарға атақты тұлға туралы деректерді бейнебаяндармен слайд арқылы таныстырды.
Дулат Исабаев,
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері.

Басқа жаңалықтар