Басты тақырыпРухани жаңғыруСпорт

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА АРНАЛҒАН ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ

Өткен аптада Ойыл қазақ орта мектебінде Ойыл ауданына танымал ұлағатты ұстаз, «Қазақ ССР және СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» Сағидолла Жақиевтің құрметіне ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауы өтті. Байқаудың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев Сағидолла Жақияұлы жайында әңгіме өрбітіп, ұстаз атын ұлықтау алдағы уақытта жалғаса беретінін айрықша атап өтті.
Сағидолла Жақияұлының шәкірті, ақын-драматург, журналист, Жазушылар одағының мүшесі Нұрлыбек Қалауов ұйымдастырылып жатқан байқаудың маңызына тоқталып, «Сағидолла Жақиев атындағы шығармашылық байқауын» жыл сайын дәстүрге енгізу туралы ұсыныс-тілегін жеткізсе, Сағидолла Жақияұлының баласы, медицина ғылымының докторы, профессор Базылбек Жақиев байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар Ойыл қазақ орта мектебінің ұжымына арнайы естелік сыйлығын табыстады.
Ұлағатты ұстаз Сағидолла Жақиевтің еңбек жолын насихаттай отырып, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеуге арналған байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орын Қараой мектеп бала-бақшасының 11 сынып оқушысы Аяна Рамазанова, Жамбыл мектеп бала-бақшасының 10 сынып оқушысы Дария Аманжанова, Амангелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Еңілік Асқарқызы иеленді. ІІ орынға Соркөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айымгүл Базарова, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Жарқын Амантайеншілесе, Ә.Дербісалин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Сәтжан Сеилханұлы жүлделі І орынға ие болып, 50000 теңге сертификат табысталды.Сонымен қатар, басқа да қатысушы оқушылар алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Марапат соңында білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлмира Избағамбетова байқауға қатысқан оқушыларға білім жолындағы ізденімпаздығы мен жігерлілігі үшін алғысын білдіріп,І орын иегерінің жетекшісіне шипажайға жолдама табыстады.
Г.АБАЙҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар