Спорт

Әкеге тағзым – ұрпаққа тәрбие!

Өткен сенбіде Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлы Отан Соғысының ардагері Қ.Қарабалиевты еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан ХVІ дәстүрлі турнир және Ұлы Отан Соғысының ардагері Жаңыл Зұлқарнайқызын еске алуға арналған қыздар арасында волейболдан аймақтық ашық V-ші кубогі ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту, спортшылардың спортқа деген қызығушылығын, достық қарым-қатынастарын нығайтуға, ауданда волейбол спортын дамытуды көздеген турнирге он екі команда қатынасты.
Ойын тартысты басталып, әсіресе ақтық ойын көрермендер көңілінен шықты.
Спортты жанына серік еткен жастар мықты дайындықпен келгендері көрініп тұр, спортшылар намысты қолдан бермеуге тырысып бақты.
Тартысты жарыс өз мәресіне жетіп, турнир қорытындысы бойынша Ұлы Отан Соғысының ардагері Жаңыл Зұлқарнайқызын еске алуға арналған қыздар арасында волейболдан аймақтық ашық V-ші кубогінде ІІІ орын Саралжын ауылдық округі командасы, ІІ орын Спорт мектебі командасы, І орынды Қайыңды ауылдық округі командасы иеленді.
Ұлы Отан Соғысының ардагері Қ.Қарабалиевты еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан ХVІ дәстүрлі турнирде ІІІ орын Саралжын ауылдық округі командасы, ІІ орын Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі командасы, І орынды Көптоғай ауылдық округі командасы еншіледі.
Осы турнирді ұйымдастырушы Рақым Қарабалиев қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттап, медалдар және сыйлықтар табыс етті.

Басқа жаңалықтар