ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР

КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаев Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің орталығы Қаратал және Құмжарған елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Елді мекен тұрғындарымен кездесулерде аудан басшысы ауданның 10 айында атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жан-жақты мәлімет берді.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев шаруа қожалықтарға мемлекеттен берілетін қолдаулар мен пайызы төмен несиелерді тиімді пайдалану керектігін баяндап, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту мақсатында бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының бағыттарын, қатысу шарттарын толық түсіндіріп өтті.
Ал тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тоқталсақ, Қаратал ауылының тұрғындары көшелерді жарықтандыру, жол мәселесін көтерді.Құмжарған ауылының тұрғындары Ойыл-Шұбарқұдық тас жолына жалғайтын 3 шақырым көтерме жолды жөндеп берулерін сұрады. Сонымен қатар сол 3 шақырым жолға жол белгілерін, макет қойып беруін сұрайды.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев тұрғындардан түскен сауалдар, көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын айтып, алдағы уақытта ауылдарды көркейту жұмыстары жалғасын табатынын жеткізді. Тұрғындармен кездесуге аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Аралбай Жолдыбаев, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дархан Ғалымжан мен аудандық жер бөлімінің басшысы Мәулен Төремұратовтар қатысты.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл-Қаратал-Құмжарған-Ойыл.

Басқа жаңалықтар