ӘкімдікБасты тақырып

КӨПТОҒАЙДАҒЫ ХОККЕЙ

КОРТЫ ҚЫСТЫҢ ҚЫЗЫҒЫН ЕСЕЛЕЙДІ

Биыл Көптоғайда атқарылып жатқан келелі істер көп. Ауылда дәрігерлік амбулатория салу жұмысы, әкімдік ғимаратының құрылысы, көшелерді жарықтандыру, орталықтандырылған ауыз су құбырының құрылысы секілді жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді, Қарасу, Көптоғай, Шұбарши ауылдарында жасанды төсеніш жамылғымен шағын футбол алаңы салынып пайдалануға берілді. Бұл ауылға жасалынып жатқан игі істердің жарқын көрінісі іспетті.
Енді ауыл балаларының қысқы спорт түрлерімен айналысуына да мүмкіндік туды.
Осы мақсатта тендерге тігілген қаражатты жеңіп алған мердігер жеке кәсіпкер Асхат Ниязов ауылға хоккей кортын жасақтап берді. Нақтырақ айтсақ, 2 млн. теңге көлеміндегі хоккей корты 512 шаршы метрді құрайды. Енді балалар желтоқсан желімен жарысып, сырғанақ тебеді. Сырғанап қана қоймайды. «Хоккей» деген қысқы спорттың түріне шыңдалып, додаға түсуге дайындалады деген сенімдеміз.
Хоккей корты қыста балалардың үйде телефонға телмірмей, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, ауылда салауатты өмір салтын қалыптастырып, насихаттауға өз септігін тигізбек.

Басқа жаңалықтар