ӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру

«Ұлт ұстазы

Ахмет Байтұрсынұлы

Жуырда Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның мәжіліс залында қазақ халқының мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты танымдық мәдени шарасы қазақ әдебиетнің мұғалімдері мен 9-10сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, ұстаздық қызмет кезеңдері, Алаш Орда үкіметі, жарық көрген еңбектері, басынан өткізген қиын тағдыры, шығармашылығы, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасы және артында қалған мұрасы мен ұрпағы жайында тақырыптық көрме жасақталып, бейнебаяндар көрсетілді.
Ахметтің түрколог-ғалым ретіндегі еңбектерін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Сапарова мен Айдана Аманжолова әңгімелесе, ұлт қамын, арын ойлаған Ахметтің тағдыры туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерім Масабаева түсіндірді.

Дулат Исабаев,
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және
өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері.

Басқа жаңалықтар