ӘлеуметДенсаулық

Балалар мерекесі бәріне ортақ!

 Аудандық психологиялық-педагогикалық түзетім кабинетіндегі балалар да жазғы демалысқа шықты. Балаларды қорғау күніне орай оларға сыйлықтар үлестіріліп, шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оқу жылында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде шыдамдылық, сергектік танытып, сабақтан қалдырмауға тырысқан, тиісті білім алып, оқып үйренуге еңбек сіңірген ата-аналарға түзетім кабинетінің меңгерушісі Айжан Алманиязова алғысын білдіріп, марапаттады.

Психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеті өткен жылы күрделі жөндеуден өтті. Балаларды оқытып, сауықтыруға жергілікті жерден арнайы мамандар дайындалып, логопед, дефектолог мұғалімдер оқу кестесіне сай қызмет етеді. Әрбір мерекелерде арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, қамқөңіл балалардың көңілін көтеріп, қоршаған ортаға бейімдеу, қабілетін арттырып, сабаққа ынталандыру үшін барлық жағдайлар жасалады. Әзірге онда 50 шақты бала бар. Сонымен қатар ауданымызда сондай жандарға қолұшын беріп, демеушілік көрсететін азаматтар жиі бас сұғады. 1-ші маусым балаларды қорғау мерекесі қарсаңында Ойыл аграрлық колледжі мен «Мейірім» үйі балаларға сыйлық әперіп, демеушілік көрсетті.

 

Басқа жаңалықтар