ӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру

ЖЕТІКӨЛ, ЖЕКЕНДІ ЖЕРЛЕРІМ-АЙ…

Табыл Құлыяс ЖАЗУШЫНЫҢ ЖОЛЖАЗБАСЫНАН

Уақыт шапшаң, көбіне көп ештеңені байқатпай, атқан оқтай зулап
өтеді. Қайта оралмайтын сәттілік болады, көкіректен өшпейтінөкініші де жетіп жатады. Өмір ерікті, еріксіздікті мойындатады. Адам басына қасіреттөнгенде бақытты күндерін ойлауға жөнсіз көреді? Неге? «Тасжауса таңдайдан, мұз жауса маңдайдан» деп насат тасындайберіктік танытуға тырысады. Құдай қосқан жұбайынан, жылытөсегі, тыныштық тірлігінен хош айтысып майданға кеткендергеырым жасап, ізіне қазан төңкеріп елге аман оралуын тілесе де,екі жеңін сұғынып, киім киіп кеткендердің көбі оралмады.

Туып-өскен жерім «Қаракөл», Жетікөл, Жетігенді аймағы, яғни Орал өңірімен шектес болғасын,бала кезімізде Сталинградтағы соғыс өрті күн бат- са кейде көрінгтіні есімде қалыпты. Бірге өскен достарым Жиенбек, Мырзақан Қармыс және басқалары біздің ағаларымыз сол өртті сөндіріп жатқанын сезінуші едік. Адам бала кезде қорыққанын естен шығармайтындай, кейде түсімізден өрт көрсек шошып оянушы едік.
Ауылда тері шалбар, тері тон, көншарық киген төрт-бес қарт бар. Солардын бірі Мырзағали Ойыл бойындағы суармалы егіске көктемде кетеді, әйел, қыздарды басқарып. Содан жиын-терінді аяқтап күзде оралады.
Бекқазы, Таласқали, Нұришан, Көпбал, Ғапу қарттар мал бағады, шөп дайындайды. Төрт-бес шөп шабатын машина, екі-үш тырма бар, шабылған шөпті сүйреткімен қораға тасиды.
Іліп алар киім-кешекті жамау-жасқау болса да игілікті асыл дүниеге балайды. Олар шөмеле көлеңкесінде айран, шалаптарын ішіп отырып ерлік ту- ралы, қажыр-қайрат, өнеге, салт-сана кақында әнгіме-дүкен құрады.
Бірде Таласқали:
-Ойыл жәрмеңкесінде қамшыгер атанған Мырзағали арлан қасқырды тірілей ноқталап әкелгенін көріп едік. Марқұм дүниеден озарда есіктің тұтқа- сына жармасқан қолын Бекқазы екеуміз әзер босатып алдық, — дейтін-ді.
Сталиндік «Отыз жеті» зұлматы қара дауылдай соғып тұрған-ды. Сөйтседе Бекқазы «Шоңқайлы», «Қожакөлдің» су келді алты қанат киіз үйдей жеріне тары егіп, содан бірер қапшық өнім жинап, оны көзден тасалап ұра қазып, көміп тастайтын. Нандық бидай сірәда жоқ, айран көже аштықтан сақтайды.
-Туыс, туғандар бірін-бірі қатты қадірлеп, ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін. Жетім, жесірге пана болған едік. Қасиет, қазақи тәртіп ұрпағын аман сақтады, — дейтін Сүйеуғали Ниязов. Ұлттың сүттей ұйыған кезінде бұдан артық түсінік болуы мүмкін емес.
«Ашылған етек жабылар, ашыққан қарын тойынар» деп үлкендердің мандайдан сыйпағаны талай ұланды ер жетуге жігерлендірді. Ұлттық намыс, ұлттық абыройды шыңдады. Енді социализмнің есігін қатгы жауып еркіндігінді, елдігінді қадірле дейтін мезгілде он екі бала өсірген Ниязов Сүйеуғалидың ұлы Жалғасбай өмір шежіресінің нарық тірлігінің парақтарын ақтарды.
«Ауыл жылы» дегенді ақпараттан Жалғасбайлар естіді. Бірақ, өздеріне есеп шот ашып, мал өнімдерін жаңа технологиямен дайындауды ойласа да, облыстан жер шалғай, жол қатынасы ауыр. Ерте ме, кеш пе, бар игілікті істер орнығар деп күтеді.
Соғыс жылдарында «Жетікөлдің» байтақ өңіріндегі елдің халқына етік тігіп, ерлеріне бөрік тігіп, табыс табу емес алғысқа бөленгсн 78 жастағы Есдәулет: — социализмде осынша жақсылықтар да болып еді, малдың өнімдерін дайындық орындарына өткізіп, астығын тасып алатын-ды. Шаруаның ісі ортақ болғасын әлдеқайда женіл көрінетін. Қазір шағын-шағын шаруашылықтар еңбегінің құнын ала алмай, тек өздерін жарылқап отыр. Бір орталықтан бөлінудің сазайын тартып, бара-бара малдан айрылып қала ма деп қауіптенемін, — дейді.
Ауылдың қарттарының қай-қайсысы да бірлікті сақтап, тірлік етті, еңбектерімен игілік жасап із қалдырды. Шығанақ Берсеевтің ақ тарысы әлемді таңқалдырса, «Қараойдан» Ойыл өзені бойындағы суармалық егіс бригадасына Әбдікәр Оразғалиев, Ораз Көпбаев машинист болып еңбек етті. Олардың ерекше көзге түскен еңбегі арқасында халықтың аузына да азық тиді. Жишбек Жұмабаев тары өсіру кәсібіне ерте араласып, алғырлығымен көзге түсіп еді. Олардын айрықша ынта-ықыласы елдің абыройы, Отанға деген адалдық болатын-ды. Оны ұғынған Жиенбек кіндігінен өрбіген бес баласы бүгінде жеке шаруа қожалығын да дөңгелетіп әкетті.
Жиенбектің балалары да шаруа қожалығында мал, егін өсіреді. Оның үстінге жазғы жайлауында қырық түйе — құс бағады екен Нарық заңы бойынша салалы шаруаны игерудің тиімділігіне көзі жетіп, әрбір жұмыстың өлшемді нәтижесін меңгерген.
Басқасы басқа, құм басып кетуге жақын қалған кеңшар орталығын орманға бөлеп, ауа райын жақсартыпты. Әрбір жанұя көкөніс өнімдерін өздері дайындайтын жаңалықты игерді. Кеңес Үкіметі құлап, талан-тараж үдегзаде, алқымнан алған жоқшылықта ел іргесі қозғалмауы, тырапай асып жұрттың босып кетпеуі абзал басшылардың қанға сіңірген ұлттық бірлікті бұзбауға үйреткендігі еді. Өйткені, сонау отызыншы жылдардан С. Масатов, бертінгі О. Қалипановтардың қасы мен қабағынан ұқтырған.
-Өзіңіздің заманыңызда не нәрсеге үміт артатын едіңіз?
-Оқуға, — деп Ыбыраев қарт ойға шомды. Жоқтық, халықтын басында бірқалыпты болғасын оқуды үзбеймін деген үмітте жалған еді. «Тандағы тамақ тәңірден» деп қарын тоятын кезді аңсау, соған үміт үзбеумен күндер өтті. Шығанақ Берсеевтің әлемдік абырсйы арқасында азық үзілмеді, еңбекке өлшеніп берілді. Шығанақ абыройын ауылда болса, ауызға тиеді дегенді қалыптастырды. Ұл өсірдік, қыз өсірдік, өзіміз оқудан кенже қалсақта, ұрпағымыз ақылды, білімдар атанды. Біздің ата-бабамыз көрмегенді көрді. Одан артық бақ бар ма, одан артық үміт бар ма?
Біреудің құнарлы әңгімесін ықыласпен тыңдау қиындаған кездіңнесін айтасың. «Көлдің суы тартылып барады» десе Үкіметке жапқан жала деп, «жатып атардың» қаралауына себеп болатын-ды. Саясаттын зымияндығын Ұлықпан сынды ақындар көкірегімен босатып шығармай, іштен тынып, Асанқайғының:
Көлдің суын жамандап,
Еділ қайдан табарсың.
Әкіміңді жамандап,
Әділ қайдан табасың.
Өз барыңды жамандап,
Асыл қайдан табасың, —
деп толқып — толқып домбырасын шертіп, Қызылдың әнін елсіз далада шырқады ма екен? Даланың да, адамдардың да сыртқа шығарып жарияламаған мұңы жетерлік еді. Соныңыз өткен ата-аналарымыздың неге, игіліктен? — деген сұраққа жауап таба алмаған арманы еді. Оны осалдыққа жори көрмеңіз, мемлекеттің езу машинасына қарсы тұрар күш жоқ.
Елде еңбек тәрбиесінің орыны бөлек еді. «Иттен басқаның үргені сөкет, еңбексіз жастың жүргені сөкет» деген қағида талай ерлер есімін қалың көпке танытты. Жасындай жарқылдаған жастық қайратын өсіп, өркендеуге арнап Еңбек Ері атанған жылқышы Аманқос Мұқанғалиев өткен өмір жолын былайша баяндар еді.
«Әркім-ақ, қадірлейді ұшқан! Құсын, сыртымнан не демейді дұшпан кісім» — деп өмір сүрудің қарапайым заңдылығын да абайлап, әміршілік жүйенің қыр-сырына, қулығына сынай қарап, өзіне әркезде тоқтам салып, асып-тасуды, тәсіруді тежей білгендер жақсылыққа жарылқана білді. Дала даналары: «Бұл қутамақ талай ерге апат боп, жер қойнына кірген олар опат боп» — деп сақтандырған сөзді сақтай жүріп, өзін ойламай, елін сыйлап тірлік еткен, сол арқылы қадір-құрметке жеткен Аманқос ешқашанда сенімін жоғалтпады.
-«Мен 1956 жылы «Қаракөл» кеңшарында, басқарма бастығы Ідіріс Сұқашев еді, жылқы бағамын дедім.
-Жассың ғой, жылқышылыққа мықты ерлер төзе бермейді.
-Мен төземін, неге мықты емеспін, — дегенімде Ідіріс сирек көрінетін жұмсақ күлкімен:
-Әрбір жігітте осындай ерлікке жігер болады, бірақ, кейбірі кейін жасып, жұмысы божырап кетеді, — деді.
-Мені ондайдың қатарына қоспаңыз. Нар тәуекеліме жол ашып, тауымды қайтармаңыз, — дедім».
Сөйтіп, Аманқос ағаның, басшының сөз сынағынан сүрінбей өтеді. 1958 жылдары кеңшар ірілендірілді. Жақсыкөл, Қаракөл, Қараой біріктірілді. Ленин атындағы кеңшар аталынды. Басқарма бастығы Ідіріс Сұқашев. Ал, жылқы өсіру фермасын Қашқынбай қарт басқарды. Ұлы отан соғысына, әсіресе, Сталинград, Мәскеу маңына талай сәйгүліктерді дайындап, нағыз ер атанған, бағым шеберлігі ерекше еді.
-Аманқос ұлым, жылқы еркін жайылғанды сүйеді, қазақты да жылқы мінезді деуіміз, даладай кең жүрекпен, далаға ат үстінде еркінмін деп жүруден болар, — дейтіні барды. Ерлік дарын, мол қабілет. шынайы шындық мінез кен далаға жарасады. Оныңыз жылқышының еркіндігімен ажарланатын ғаламат қасиетті екінің бірі біле бермейді. Бол разы қандай іске, жазаға, тура сөйле! — дегені де кең даладағы еркінмін деуден туындаған шығар.
-Әйелімнің қазасын ойлап кейде ауырласамда, сол жылқышылық еркін күндерімді еске алып қайта сілкініп, алғырлық сезімімді оятамын, — деп Аманқос сөзін жалғады.
-Арада екі жыл өткесін бас жылқышы Қашқынбай зейнетке шығып бағым билігін сеніп тапсырды. «Аттың тағасының» киесі қорғаның болсын, ояу, сергек жүр ұл!» деген сөзі әлі құлағымда қоңыраулап тұрады.
-Арманынды жақындататын ақыл, намыс, ар- ождан…
-Күдік кеменгерліктің бастауы деседі. Жылқышының әр минуттағы күдігі табиғаттың құбылуы.
-Ата-анаңды құрметте, кісіні өлтірме, ұры болма, ыржақай болма, жалған куәлік берме, өзге кісіні күндеме, өз бауырың — адамды сүй, бойкүйез болма, күншіл болма, өкпелегіш, қызғаншақ болма, еріншек, мешкейлік жаман, көңілшектіктен сақтап, арызқой болма» — деп үлкендер үйде де, түзде де құлағымызга құйып жататынды. Бүгінде ойласам аталарымыз институт бітірмесе де, «Кодекс куманикус» — тің шежіресін қалай жаттап, қанға сіңіріп, оны ұрпағынаөмір сүрудің жарық жұлдызы, ұлттың қасиетті ете білді.
-Ел бірлігін сақтау сол аға ұрпақтың құнды өнегесі шығар, — деп Аманқосты сөзге шақырдым.
-Адалдықпен ағалар жолымды ашып бергесін Алланың көзі түзу болды да, сол жылдары бағымымдағы әрбір жүз биеден жүз құлын өсіру, мал басын аман сақтаумен ауызға іліндім. Атақ, даңқтың міндеті де ауыр, жаныңды күйттеудіұмыттырады. Өйткені, біздің замандастарымыздың әзіл, қалжыңы да осал болмайтынды. «Ей, биіктен құласа адам оңбай қалушы еді, биіктікте бесті асау аттай тулап жүрмесін, Аманқос сөзіне тұрмапты деп шулап жүрмесін» дейтін қағытпадан қатты сақтанасың. Ақыры, үш бірдей «Даңқ» орденінің иегері, ер атанып 1992 жылы зейнетке шықтым.
-Үздік көрсеткішің неге байланысты?
-Оның бар құпиясы жайылым, қысы, жазы күйінен тоймаса құлынды көп аласың. Жылкы жайылым, суды таңдамайтын түлік. Суды жүзіп ішпесе қанбайды. Жайылымда да тамыр дәрідей шөптерді таңдап, азықтанады. «Нұрсұлтан», «Темір астау», «Арықбай» аталатын жайылымдарға өкпе жоқ. Шаруашылықты басқарған Отар Қылипанов алдымен малшыға жақсы үй, малға қора-қопсы салып беруге шебер еді. Барлық жағдайды жасап, сосын істің нәтижесін талап ететін ондай басшы сирек қсй.
-Көмекшілерің кімдер еді?
-Құбышев Орынғали, Қалтун Құттыбай, Оразов Сайлау, осы жылкышылардың еңбегі ерекше еді. Ол жылдарда боран қатты болатын. Қар қалың түсетін. 1985 жылға дейін қостардағы қалың қарды «К-700» тракторымен аршып, азық-тандырдык. Буаз биелердін құлыны бір жағына аударылып түскенше ток азықтанып, жем жемесе іш тастап кетуі мүмкін. Бір жарым мындай жылқының өсіп, өнуі тек қана бағымына байланысты. Қазақ мың жылқыны ортасы ой түскен байлық дейді екен, — деп соққан желдей сырғып өткен жастық күндерін Аманқос есіне алып, бір сәтке үнсіз қалды. Бәлкім, барлық бейнетті жылдарды бірге өткізген әйелі Рақышты ойлады ма? Көмекші жылқышы болған, жаз жайлауда жылқымен бірге жүргені күні кешегідей емес пе. Оның үстіне 11 бала өсірді, қазір оның 7-і тірі.
-Төрт бала о дүниелік.
-Ана күйігі өзекте, — деп сұм ажалды көтере алмады ма, өзі де дүние салды.
-Інім Аманбай да ерте кетті. Қайғы үстіне қайғы шаршатады екен. Шыдайсың, барына тірлік тілеп, тәубе етесің, — деп Аманқос назарын төмен салды. Тұқшиып отырып түкті кілемнің өрнектерін санады. Ауыр ойланған сәтінде тобылғы реңдес жүзіндегі әжім іздері терең тәрізденді. Үн қатпауына қарағанда жүрегіндегі шерді қозғап, бақытты күндерін еске алғаны жанын ауыртқан тәрізді еді. Ірі тұлғалы жігіттердің бірі болатын, бесті асауға құрық тастап тұрғызатын қайратын ойласам, кәрілік адамды басқаша көрсететінін аңғардым. Кейде кәрілік алдыңда жүйтки бораса өзіңді де еркін ұстай алмайды екенсің. Қазақи салт-сана, өнегенің қаймағы бұзылмаған жерде қарттықта өзіндік жарасым тірлік бар екен. Әсіресе, жастардың ізеттік көрсетіп алдыңнан өтпей, құрмет тұтып, сөз таңдап, жасы кіші келіндер Жиембектің екі немересінің бірінші мүшелге арналған дастарханында сәлгм етіп тұруы кешегі жасанды саясаттың келмеске кеткенін танытады. Қуаныш ортақ, тілек ортақ, ниет ортақ жүздесудегі жылылықтар жүрекке нұр шапағын шашып, бала кезіміздегі әкелеріміз бен аналарымыздың өлшеусіз татулығын көз алдыңа әкеледі.
— Пай, пай, Отар Қылипанов тірі тұрғанда шаруашылықтың толысын төгіп, ортасын шайқалтпайтын еді, — деушілер бармағын тістеп күйзеліп калды. Сөйтсе де, ақырының қайырын тіледі. “Ауыл жылында” шалғайдағы шаруашылығымыз жақсылық көре алмады, Мәжіліс депутатына сайлаған Болат Әбішовтің халықтың өзекжарды тілегін орындауға уәдесі көп еді.
Барсаң сәлем айта бар, Болатжанға,
Жете көңіл белсін деп сұратқанға.
Кезек күтіп тілегіміз жатқан шығар,
Уәде жолы жеңіл-ау тұрақтанған.
“Айтқан сөз, атылған оқ” деген де бар,
Жел сөзді қапқа салып көрген ауыл,
Өткен өмір сүрінбей сынақтан да.
Біз сыйынып отырмыз Жаратқанға,
Барсаң сәлем айта бар, Болатжанға, — десе де ешкім үміт үзуден ада. Ауылда медициналық қамтуы жақсы, электр қуаты үзіліссіз, клубы, кітапханасы, дүкендері, мектебі, моншасы жұмыс істейді. Алғыр ойлы шаруалар дамыл таппай мал өсіруді жете меңгерген, үй басына он-он бес ірі қара, жүз қаралы жандығы және бар. Әттегенесі, малдын өнімін ұқсатып тарату нөл, өтім жоқ. Не сүт өнімдерінен түрлі тағам жасайтын кәсіпорын шаруашылық түгелі ауданда табылмайды. Ет өнімдерін де ұқсата алмайды. Кезеккүттірмейтін мұндай жұмыстарға депутаттыққозғаушы күш керек. Сосын да жеңіл, зілсізәзілмен қағытқан өлең жолдарын түсінетін шығарсыз.
-Телефон байланысы жақсы емес.
-Үй-жәйімізде оңып тұрған жоқ.
-Ойыл мея ауылдың жол қатынасы қиын, су ащы, денсаулыққа нашар. Экологиялық апат “Нарын”, “Азғыр” іргемізде, — деген қарттардың өзекжарды қынжылыстары да жоқ емес. Жаңағылар социализмнің қадірін де азалайды. Әркімнің өз ұғымы қаншалық дәрежеде болса да еркін, егемендікке ештеңе теңгермейді. Жаңалықты қанша жатырқаса да қом ойнағанның аузы асқа жарып, тақымы атқа жарып, не ішемін, не киемін демей, байлықтың көзін тауып, игілікті істің көзін тауып отырғанды көріп, білгесін көңілге тоқ санайды. Ауылда, әрине, тышқақлағы жоқ.
— Бас-басыңа бай бол, дегенді өңін түгіл түсіңде көрмей, ортақ өгізден, оңаша бұзау деген аталарымыздың кекесін сөзін де ұмытқан ұрпаққа ертеңін болжау оңай болсын ба? Қолында аз-кем дерегі барлар ел игілігін шекарада жалмап қалуға жалмауыздай жұтынды. “Халықты жесем қақалам, ажалыма тақалам!” деп құдайдан корқуды ұмытты және олар жарылқаймын, айды алақанға, күнді қолына қондырсам, ел бай-, лығын ұқсатып пайдаға шығарамын дегенге шынымен сенушілер аз болған жоқ.
-Қазір байшекештердің көзін ұйқы басқан. Өз туысын, өз халқын, елін көріп, бұ қалай деуге аузы келіспей сағым сыртынан саусағын шошайтып бұлдыр бейнеге айналды.
-Олар байлық бәсекесіне түсті, қарғыс алма алғыс ал деген сөздің ащы мәнін ұмытты. Ал, елдегі шаруа қожалықтары жан-жағымыздан көзімізді ашып қарап қуанышымыз ортақ, күйінішіміз ортақ десіп жаңаша өркендсу жолын сенімді серік етіп, қиын істерді де шешіп, жетім, жесірімізді қаңғытып, жылатпай тұтас, сақтағанға қуанамыз, ел абыройы жақсылық аталып жатыр. Үкіметтен көмек болмас деп күдер үзбейміз, әттең облыстан жер шалғайлығы қол байлау. Соған ғана көңіл қоңылтоқсиды. Әйтпесе, мал, егін өнімдерін өзімізде ұқсатып таратуға білім де, тәжірибе де жетеді, жекешеленудің қырсығын түсіндік. Жері бай өңірде отырып, неліктен кедейлік қамыт киесің, — деген сұраққа мұғдар берсеңіз, жоғалтқанымызды түгендеп алайық деу әбестік болар. Шаруа тасынып, кеңіп кетсе, бәрін де орнына келтіреміз. Үкімет ауылға банкіден қарыз-қаржы берілсін деген, сөз бар. Соған сеніп банкіге барсаң, мүлікті сұрайды, нешетүрлі жаңылтпаш, қаперіңе кіріп шықпайтын құжатты айтып, ақырында жерің, техникаларыңнан ат-тонын ала қашып жатады.
Әйтпесе, шетелдік технологиялармен сүт өнімдерін өзімізде ұқсатып таратуға маман да, іскерлер де жетерлік. Соғыс жылдарында онжылдықтардын жанын сақтап, аштық, жоқшылықтан құтқарған тары көжені, қаймақ, май, ірімшік, құрт істеу қолымыздан келмейді дейсіз бе?
-Селқостық болмаса сырқат коғамнан шыққан кежегені кейін тартатын кесірлік болмаса әркімнің бетімен кетіп, істі қожыратуы болмаса. Туылып жатқан күмәнді айтуымды ағаттыкқа жорыма. Нарык өзің сияқты жүрегі жұмсақтықты қаламайды.
-Байлықты тұрақты ұстауға бас керек дейсің ғой. Жеке шаруашылықтар таяу жылда түбегейлі жаңарып, дамылсыз дамуға түседі дей алмаймын. Бірақ, бұдан нарықтың қылбұрауынан өзгелерге қарағанда аман шыққасын қара дауыл сынағынан өткенсін үміт бар.
-Өзімді қайтем, күн сайын қатарым азайыпбарады, соған қынжыламын. Ад ауылым жақсарса мақтанамын. Отар Қылипанов сықылды дара туған іскер басшының өнегесін айтып мақтанамын. Тағдыр жеткізбеді, егер Отардың көзі тірі болып, билік тізгінін ұстап тұрғанда жекешеленудің сойқандығынан сақтап қалар еді. Оған мүмкіндік бар еді. Басқасын айтпағанда Жетікөл, Жекенді шаруашылықтары бойынша машина, трактор станцияларын ашар еді. Мал дайындау мекемесін ұйымдастырып, елдің байлығынхалық игілігіне экономикалық тиімділікке үлестірер еді, — деп ойлайсың. Сонда осал тұсымыз- ды аңдып, бұқпантайлап жүрген өзімшілдер тырп ете алмас еді. Сосын жекешеленуге әркімнің пайына иелікке берілген жылдарды араға салып өту маңызды боп, халыққа тиімді көрініп, ағайындар арасында алакөздігінен құтқаратын-ды, — деп Тынышпай Бекесов ағынан жарылды.
-Еңбекті бағалайтын басшы бар, өзінің тұрмыс-тірлігін сағалайтын басшы бар. Соның қай-қайсысын да көрдік. Ал, Отар Қылипановтың орыны бөлек қой, кім халыққа адал еңбегімен көрінсе, құрметтей біледі. Олардың ел басқарған біраз жылында жақсы ісі жарияланбай, құрметтен тыс қалғаны жок шығар. «Жетікөл» кеншарын республикада экономикасы, мәдениеті өскендігімен танытып еді, — деп жылы сөзін айтты да: «Біздің ел коммунизмге тым жақын қалып еді. Өзін-өзі қаржыландырып, шағын кәсіпорындар ашқанда нарықтан тайсалып тайғанақтамай, барды базарлы етіп, тірлікті ажарлы етіп жақсылықты жайнататын едік. Енді өткендегіні айтқанмен ештене өнбесі белгілі. Барының қайырын көрсетсін, жастар иінін тауып шаруаны биікке шығарар. Шүкір, елде қауіптенетін егес-қияс жоқ… Аруақ қолдар…»

Басқа жаңалықтар