ӘлеуметРухани жаңғыру

Ойылдың Ақтөбеге тартуы талайды таң қалдырды

Өткен аптада «Туған жерім – нұрлы елім» атты соңғы жылдары дәстүрге айналған жоба аясында Ақтөбе қаласында Ойыл ауданының күндері өтті. Екі күн бойы Ақтөбені ән мен жырға бөлеп, «Табыстағы тартуы» «талапай» болған ойылдықтар сахнада қойды айдап өтуімен де талайдың таңдайын қақтырды. Ауданнан келген делегация мен Ақтөбе қаласында тұратын ойылдықтар алдымен даңқты тарышы Шығанақ Берсиевтің ескерткішіне тағзым етті...

Аудан күндерінің тұсаукесері сынды шарада аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев жерлестерге мерекелік тілегін айта келе айтулы мерекеге атсалысуға шақырды.Өткен жылы ойылдықтардың бастамасымен қаладағы саябақтың қалтарысында тұрған ескерткіш Ақтөбедегі өзінің есімі берілген көшенің ең басына қойылған еді.Ескерткіштің алдындағы Ақтөбе қаласындағы аудан күндерінің «кіріспесінде» Шығанақты зерттеп жүрген ардагер журналист Идош Асқар еңбектің еңбектің өшпес ерлігін көрсеткен тұлғаны ұлықтау мұнымен шектелмеуі керектігін айтса, әйгілі тарышының жиені Мұқанбет аға аудан күндерінің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Аудан күндеріне жерлестердің ақ жол тілеген лебізімен ұштасқан салтанатты шара — тарышыға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, ән шашумен аяқталды.

Басқа жаңалықтар