Экономика

ЖАҢАРҒАН МЕДПУНКТ ПЕН «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ»

АҚШАТАУ ОРТАЛЫҚТАН АЛЫС БОЛМАСА ДА, ЖЫЛДЫҢ ҚОЛАЙСЫЗ МЕЗГІЛІНДЕ ҚАТЫНАСЫ ҚИЫН АУЫЛ. ЫНТЫМАҚПЕН ІС ҚЫЛҒАН АЛАҚАНДАЙ АУЫЛДЫҢ БҮГІНДЕ ЫРЫСЫ ТАСЫП ТҰР. АУЫЛДА ЕКІ ҚАБАТТЫ ЖАҢА МЕКТЕП БАР. АУЫЗ СУ ӘР ҮЙГЕ КІРІП ТҰР. АСАРЛАТЫП КЛУБТЫ САЛЫП АЛДЫ. КҮНІ КЕШЕ ҒАНА АУЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТКЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП, ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАНЫШЫН ЕСЕЛЕЙ ТҮСТІ.

Алдағы уақытта Ақшатау ауылының 517 тұрғынына алғашқы көмек көрсетіліп, бас ауырып, балтыры сыздаған тұрғындарға ем-шараларын жүргізетін медициналық пунктке былтыр облыстық бюджеттен 30,8 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Медициналық пункттің іші мен сыртына ғана күрделі жөндеу жүргізіліп қойған жоқ, жаңа медициналық құралдармен толықты. Бір сөзбен айтқанда, мердігерлер аядай үйді «ұядай» қылыпты. Жаңа жыл қарсаңында «жақсыны көрмекке» аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев пен Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев жөндеу жұмыстарымен танысып, жақсы іске куә болды.
Сондай-ақ, Ақшатау медициналық пунктіне тұрғылықты халыққа сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстап, тұрғындарға Жаңа жылдық тарту жасады. Ақшатаулықтар болса, өз кезегінде ел ағаларына алғыстарын жаудырды.
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар