Экономика

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ — ЕЛІМІЗДІҢ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ БАСТАМА

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіп­сіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байла­нысты мәселелерді шешу мақса­тында жобаланып, жүзеге асыры­лып жатқан «Ауыл аманаты» мем­ле­кет­тік бағдарламасына барша бұ­қа­ра қатты мүдделілік танытып отыр.
«Ауыл аманаты» жобасы — еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға арналған ауқымды бастама. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, жұмыс орындарын ашып, жастарды ауылда тұрақты өмір сүруге ынталандыруды мақсат етеді.
Бұл бастама елді мекендердің дамуына жаңа серпін беріп, ауыл тұрғындарына өз жерінде бақуатты өмір сүруге мүмкіндік тудырады. «Ауыл аманаты» жобасы — ел болашағы үшін маңызды қадам. Біз бұл бастаманы қолдаймыз, әрі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын дамытуға үлкен үлес қосатындығына сенім мол.
АмировТилекбай
Кәсіпкер

Related Articles

Back to top button